• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасының Заңы

435 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Конституциясына толықтыру енгізу туралы 1-бап. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996., №4, 217-құжат; 1998 ж., №20, 245-құжат; 2007 ж., №10, 68-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 41-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайын­да­лады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі.». 2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы ақпанның 2-сі.     №403-IV-ҚРЗ.