Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Үкімет жанындағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Кеңес мүшелері мемлекеттің қатысуындағы компанияларды қор рыногына шығару және ел тұрғындары мен жинақтаушы зейнетақы қорлары қаржыларын қор рыногының механизмі арқылы ұлттық компаниялардың акционерлік капиталына шығару мәселелерін қарады.
Сол сияқты К.Мәсімов отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігі және еңбек өнімділігін арттыру мәселесі бойынша да жұмыс бабындағы кеңес өткізді.
Сондай-ақ Үкімет басшысының төрағалығымен Экономиканы модернизациялау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның да отырысы өтті. Онда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты – «Кәсіпкерлік секторды сауықтыру» мәселесі шеңберіндегі ұсыныстар талқыланды.