• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2011

Қолдау тапты

355 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжі­лі­сінің Заң­нама және сот-құ­қықтық реформа коми­те­ті­нің отырысында «Қа­зақстан Республикасының кейбір Конс­титуциялық заңдарына толықтырулар мен өзге­ріс­тер енгізу туралы» Консти­туциялық заң жобасы қа­рал­ды. Отырыста комитет төрағасы Рахмет Мұқашев заң жобасымен айна­лыс­қан жұмыс тобы қоры­тынды шы­ғарғанын, палатаның жеті салалық комитетінің консти­туциялық түзе­ту­лермен қол­дағанын мәлімдеді. Президент Әкімшілігі Басшы­сының орынбасары Талғат Донақов жұмыс тобы мүшелері қойған сұрақ­тарға жауап берді. Отырысқа қаты­сушылар кезектен тыс президенттік сайлау бой­ынша Елбасы заңға қол қойған күннен соң екі ай мерзімнен соң сайлау болатындығы, оны Орта­лық сайлау комиссиясының өткі­зе­тін­дігі жайындағы нормаларды қа­рап, өздері­нің қолдай­тын­дықтарын білдірді. Комитет отырысына Мәжіліс Төр­ағасының орынбасары Владимир Бобров, Сенаттан бірқатар депутаттар, Бас прокуратура, Жо­ғарғы Сот, Орта­лық сайлау ко­миссиясы мен Әділет министр­лігінің басшылары қатысты. Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.