• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2016

Алматыға... 63 сағатта!

475 рет
көрсетілді

Бейнеу-Шалқар теміржолы құрылысы басталған кезеңде-ақ маңғыстаулықтар: «Алматыға дейінгі жол қысқаратын болды», деп қуанған еді.  Алайда, теміржол құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенмен, жаңа жол бойымен әзірге жолаушылар тасымалдайтын пойыздардың жіберілмейтіндігі айтылған. Маңғыстаулық жолау­шылар­дың қуанатын да жөні бар. Өйткені, көршіміз Қызылорда облысы арқылы тікелей жетуге болатын Алма­тыға бару үшін, керісінше жол­ға шығуға тура келеді. Яғни, Атырау бағытына бет алып, Мақат стансасынан Ақтөбе облысының аумағына қарай бұрылып, Қандағаштан оңтүстікке қарай жүргенде, сы­­зық бойымен айтсақ, бір қа­бырғасы жоқ төртбұрыш сын­ды артық жүріс жасап барып Шалқарға жететін. Бұл ұзақ жол, артық жүріс қақаған қыста да, аптап ыстықты жазда да жолаушылар үшін қолайлы болмағаны анық. Биыл 6 шілдеден бастап жаңа жолмен жолаушылар пойызы жіберіліп, «Маңғыстау-Алматы» пойызы жолға шық­пақ. Теміржол вокзалы анық­тамасының мәліметінше, бұ­рынғы 74 сағат 17 минуттық жол енді 63 сағат 28 минут болып қысқарса, билет бағасы 1 мың теңгедей айырмашылыққа ие. Яғни, Маңғыстаудан Алматыға дейін купе вагон құны 11 097 теңге болса,  плацкарт вагон үшін 7 095 теңге. Сондай-ақ, жалпы қашықтығы 3269 ша­қырымды құрап келген жол 471 шақырымға қысқаратын болады. Демек, жолаушылар діт­теген жеріне бұрынғыдан 10 сағатқа ерте жетеді деп күтілуде. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы
Соңғы жаңалықтар