«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына сәйкес, 21 мен 23 сәуір аралығында Қазақстан аумағында циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
23 сәуірде еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Сондай-ақ, кейбір аудандарда бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Синоптиктер күндізгі ауа температурасының төмендейтінін де ескертті:
Батыста – +7...+17 градус; Солтүстікте – +13...+20 градус; Орталықта – +15...+23 градус; Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста +15...+20 градус жылы болады.