• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2016

АҚШ абақтысынан босатылды

290 рет
көрсетілді

Мұхиттың арғы жағындағы Солтүстік Америкада жүріп, лаңкестік әрекетке қатысы бар деген айыппен 3,5 жылға бас бостандығынан айырылған Азамат Тәжаяқов АҚШ абақтысында жазасын толық өтеп, елге оралды. Кеше оны Алматы аэропортынан күтіп алуға ата-анасы, туған-туыстары мен достары келді. Ұлын көріп, бауырына басқан әкесі қуа­нышына ортақтасқан ел-жұртқа шексіз алғысын жеткізді. – Отбасымыз үшін бүгін – ең бақытты күн. Мен Елбасына, еліміздің Бас прокуратурасына, Сыртқы істер министрлігіне және тілекші болған халқыма рахмет айтамын. Өйткені, ұлым 25 жылға сотталуы мүмкін еді. Алайда, аталған тұлғалар мен өкілетті органдар араласып, мерзімін қысқартты. Менің бүгін бақыттан басым айналып тұр, – деді Әмір Ысмағұлов. Ал осыншама уақыттан кейін табаны туған жерге тиген Азамат: «Қазір жүрегім тоқтап қалардай болып тұр. Қатты соғып жатыр. Қуа­нышымда шек жоқ. Келіп күтіп алғандарыңызға рахмет. Әкем қо­ңырау шалып, жағдайымды біліп тұрды. Ол кісіге де алғысым шексіз. Үш жарым жыл болды Қазақстанда болмағаныма. Ет жеп демалып, қымыз ішіп жатқым келеді», – деді. Бүгінде Отанына оралған қан­дасымыз АҚШ түрмесінде тіл үй­ренгенін айтты. Ол ағылшын, испан, қытай тілдерін жетік меңгеріпті. – Мен енді Америкаға барып, оқуымды жалғастыра алмаймын. Сондықтан да ендігі мақсатым – Қытайда оқып, білім алу. Бірақ ең әуелі туған мекенім – Атырауға аттанамын. Ол жақта тынығып, демалып, ата-анамның қасында боламын, – дейді ол. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ түрмесінде жатқан тағы бір отандасымыз Диас Қыдырбаевтың жазасын толық өтеуіне әлі 2 жыл бар. Талғат РАЙЫМБЕК, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар