• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2011

Мәселені Назарбаевша шешудің үлгісі

306 рет
көрсетілді

Парламенттің қос палатасының депу­таттары Конституцияға толықтыру енгізуді бірауыздан қолдап дауыс берді. Ал негізі, кезінде біздің Конституциямызда Президенттің кезектен тыс сайлау өткізу құқығы туралы бап болатын, бірақ ол алынып тасталған еді. Бірақ заман, уақыт деген бір орнында тұрмайды, сондықтан заң дегеннің өзі адамға қызмет ету үшін жасалатындықтан, оған қажет уақытында өзгеріс енгізіледі. Қазіргі жағдай осындай болды. Біз демократиялық құндылықтарды қадір тұта­тын мемлекет боламыз деген соң, барлығын да заң аясында атқаруға тиіспіз. Бұл орайда Елбасының осы қадамын заңды бұзбайық, келесі билікке келетін саясаткер заңды өз тарапына лайықтап бұр­ма­сын, бұзбасын, Конституцияға өзгерістер енгізбесін деген ниеті деп ұғыну дұрыс. Президент өзін ғана ойлап отырған жоқ, барлығы заң тәртібімен жүрсін дейді. Яғни кезектен тыс сайлау өткізу қажет болғандықтан, осындай өзгеріс қажеттігін айтып отыр. Ал Елбасына өзінің өкілеттігін сайланған мерзімінің шегіне дейін, яғни 2012 жылға дейін де атқаруына болар еді, бірақ Президент бұл жерде халықтың, 5 млн. қазақстандықтың тілегін ескерді. Әрине, егер де Елбасы 2012 жылы сай­лауға түссе де жеңетіні сөзсіз, ол ешқандай дау тудырмайды. Бірақ Елбасы қолдарын қойған, өзіне үміт артқан 5 млн. адамға не деп жауап береді? Халықтың өзінен шыққан ұсыныс қой, осыған байланысты Президент Парламентті таратпай, өзі кезектен тыс сайлауға түсетінін айтты. Бұл, менің ойымша, өте дұрыс шешім. Мемлекет үшін Парламентсіз бір күн тіршілік етуге болмайды, мысалы, бір күн сот болмасыншы, не болады екен? Сол сияқты Парламент болу керек. Ирак ЕЛЕКЕЕВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.