• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2016

Жылдам жеткізетін қоғамдық көліктер

408 рет
көрсетілді

Елордамыз бүгінде көркейіп, көз алдымызда сәулеті мен кескіні жарасқан алып шаһарға айналды. Сан түрлі құрылыс нысандарымен қатар, қала халқының саны да күн санап өсуде. Аймақ тұрғындарынан бөлек, жылдан-жылға бас шаһарымызға сан тараптан ағылатын қала қонақтарының келуі де едәуір жиілеген. Осыған орай, елорданың жол-көлік қозғалысына оң өзгерістер енгізіліп, қоғамдық көлік желілері жетіліп келеді.     Айтар болсақ, қала іші мен қала маңына жедел қатынайтын  – «Express» автобустарының іске қосылуы қаланың қым-қуыт тірлігін жеңілдетуге ауқым­ды үлес қосуда. Аталған автобус­тар өткен жылдың тамызынан бас­тап, бірнеше бағыт бойынша өз жұ­мысын бастаған болатын. Бүгінде 101, 102, 103, 105 нөмір­лі экспресс-маршруттары қала тұр­­ғын­дарына күнделікті қызмет көрсетуде. Астана ішінде аза­мат­тарды тасымалдау қызметін ат­қаратын қоғамдық көліктер­дің соңғы нұсқасы бұрынғы­сы­на қарағанда, бірқатар өзгешелік­тері­мен көзге түседі. Аялдама саны­ның шектеулілігі, яғни белгіленген бірнеше аял­дама­ларға ғана қызмет көр­сететін экспресс-маршруттар уақыт жағы­нан тұрғындар үшін өте тиімді болып тұр. Әрі қаты­нау қашық­тығын жеңілдетіп, аза­мат­тар­дың бір ғана көлікпен дітте­ген жеріне жетуіне мүмкіндік мол. Мысалы, 101 нөмірлі экспресс-маршруты Аудандық аурухана мен «Жағалау» тұрғын үй кешені аралығына қатынаса, 102 нөмірлі маршрут «Көктал-2» аймағы мен Клиникалық оңалту кешені арасын жалғайды. Ал «Шарын» базары мен «Қараөткел-2» аума­ғын қамтитын 103 нөмірлі қо­ғамдық көлік көптің сұранысын қанағаттандырып келеді. «Жібек жолы» ауылы мен «Бал бала» балабақшасына жол жүретін 105 экпресс көлігі жас пен кәрінің қажетіне жарап-ақ тұр. Сонымен қатар, қаланың б­іраз бө­лігін қамтып отырған «Express» қоғамдық көліктері ерек­­­ше ди­зай­нымен қатар, жүйіт­ки жө­не­­ле­тін жоғары жылдам­ды­ғы­мен жолау­шылардың көңі­лі­нен шығу­да. Тасымал көлі­гі ретін­дегі ав­то­бус­тар арнайы жел­дет­­кіш­термен жабдықталған. Және де әлеуметтік желілерді те­гін пай­­далануға арналған — «Wi-fi» құ­­рылғысы да қонды­ры­лып­ты. Сондай-ақ, мектеп оқу­шы­лары мен арнайы көмек көрсе­ті­ле­тін тұрғындарға жеңілдік қарастырылған. Дегенмен, сапасына қарай бағасының қымбат екенді­гін ескере кеткен жөн. Әдетте, елор­да аумағында діттеген аял­дамаңызға жетіп бару үшін белгіленген 90 теңге төлейтін болсаңыз, «Express» маршрутына отырғаныңыз үшін 150 теңге шығын шығаруыңыз қажет. Не де болса, қарапайым халық үшін қалта көтерерлік баға емес екендігі ақиқат. Десек те, жұрт­­шылықтың көңілінен шығып жатқан жаңа қоғамдық көлік­тердің іші адамға толы. – Осы экспресс-автобустар іске қо­сыл­ғалы бері, уақытты тиімді пай­даланудамыз. Ал­ғаш­қыда, жолақы құнының қым­баттығына қамы­ғатын едік, енді уақыт жағы­нан ұ­тымдылығы көңілге қонымды бо­лып тұр, – дейді қала тұрғыны Мей­рамгүл Нұртаева. Оған себеп, белгілі бағытта екі автобуспен жү­ріп, екі шығын шығарғанша, бір рет төлеп, бір көлікпен жүру­дің тиім­­ділігі болса керек. Алда­ғы уа­қыт­­тарда экспресс-автобус­тар­дың са­ны артып, электронды ақы төлеу жү­йе­сіне көшу мақсаты көз­де­ліп отыр. Бұл Астана шаһары­ның жо­лау­­шы­лар­ды тасымалдау жүйе­сін­­дегі елеулі жаңалықтың бірі болмақ. Арайлым ТАСТЕМІР, Қ.А.Ясауи атындағы  халықаралық қазақ-түрік  университетінің 2-курс студенті