• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2011

Мағыналық мәні жоғары ұстаным

495 рет
көрсетілді

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысының ұсы­нысы бойынша Ата Заңымызға то­лықтырулар енгіздік. Елімізде президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу қағидаттары бұрыннан бар. Бірақ ол белгілі бір себептерге негізделген болуы тиіс. Ал Конституцияға енгізілген толықтыруларға келсек, бұл болашақта түсінбеушілік, қарама-қайшылық болмасын деген ниеттен туып отыр. Ата Заңымызды жан-жақты шегелеп, қанттай қатырып жасап жатқанымыз сондықтан. Конституцияға енгізілген толықтырулар – демократияның көрінісі. Президенттің референдум өткізуді Конституциялық Кеңеске жолдауында да үлкен мән бар. Себебі, Мемлекет басшысы қандай да бір саяси шешім қабылдар кезде, алдымен Конституцияға жүгінеді. Ата Заңымызды басшылыққа алады. Камал БҰРХАНОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты.