• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2016

Серпінді дамудың сенімді тұғыры

359 рет
көрсетілді

*Астананың өркендеуі – Қазақстанның өркендеуі Сәні мен салтанаты жарасып, тәуелсіз еліміздің айбары мен айдынына  айналған Астана төрткүл дүние түгел таныған бейбітшілік пен ізгілік ордасына айналды. Бүгінде елордамыз қай салада болмасын серпінді дамып келеді. Астанада жүзеге асырылып жатқан түбегейлі даму жетістіктері әлемдік қауымдастықтың назарынан тыс қалмады. ХХІ ғасырдың мегаполисі ретінде қаламыздың қол жеткізген жетістіктері әлемдік сарапшылардың лайықты баға­сына ие болуда. Жақында «Moody’s Investors Service» атты дүниежүзінің жетекші рейтинг­тік агенттігі елордамызға Ваа3 кредиттік рейтингін ұсынды. Яғни, бас қаламыз әлемнің Барселона, Ыстанбұл, Мадрид сияқты қалаларымен бірдей осы жоғары рейтингке ие болды. Мемлекет басшысы атап көрсет­кендей, елорда соңғы жылдары ел экономикасының локомотивіне айналды. Жыл сайын барлық бағыт­тар бойынша көрсеткіштерін жақ­сарта отырып, 2015 жылы Астана әлеу­меттік-экономикалық даму дең­гейі бойынша өңірлер арасын­да көш бастады. Өткен жылы жалпы­өңір­лік өнім бұрынғы жылмен салыс­­тыр­ғанда 5 пайызға артты. Ело­р­да­ның рес­пуб­ликалық көлемдегі үлесі 10 пайыз немесе 4,5 триллион теңгені құрады. Бас қаладағы жан басына шақ­қандағы ІЖӨ көлемі респуб­ли­ка бойынша орта көрсеткіштен 2 есе асып, 5,2 миллион теңгеге жетті. Бүгінде Астананың таза пайдасы 200 миллиард теңгеден асты. Сөй­тіп, өткен жылдан бастап Астана рес­публикалық бюджеттің төрт донорының біріне айналды. Яғни, елорданың табысы өзінің қаже­тін өтеуден артып, өзге өңір­лер­дің экономикасын көтеруге жұм­салатын болды. 2015 жылы елор­да­ның республикалық бюджетке аударған қаржысы 850 миллиард теңгеден асып, 2014 жылғы көрсет­кіш­тен 11 пайызға өсті. Бұл ретте рес­пуб­ликалық бюджетке келіп түскен жоспардан тыс түсімдердің үштен бір бөлігі біздің қаламызға тиесілі. Қазіргі таңда Астананың алдында тұрған басты міндет – қала­ның осынау даму үрдісінен тай­май ілгері басып, әлемнің үздік шаһар­ларының қатарына қосылу. Ол үшін бірінші кезекте бизнес ортаның сеніміне кіріп, олар­дың инвестициялық әлеуетін иннова­ция­лық жобаларға тарту қажет. Сондықтан да, қанатын кеңге жайып келе жатқан бас қаламызға молынан инвестиция тарту мәселесі әрқашан өзекті болып отыр. Бұл мәселе Үкіметтің және қала әкім­дігінің назарынан тыс қалып көрген жоқ. Осы мақсатпен соңғы жылдары Астана экономикалық форумы шеңберінде тұрақты түрде «Астана Инвест» халықаралық инвестициялық форумын өткізу дәстүрге айналған. Күні кеше ғана Елбасының тікелей қатысуымен ІХ АЭФ шеңберіндегі кезекті «Астана Инвест» халықаралық инвес­тиция­лық форумы табыспен өтті. Міне, осындай мақсатты жұмыс­тардың нәтижесінде межелеген асулар жүйелі түрде алынып келеді. Өт­­кен жылы елордаға тартылған ин­­вес­­тиция көлемі 773 миллиард тең­­гені құрады. Бұл 2014 жылғы көр­­сет­­кішке қарағанда 15 пайызға а­р­тық. Соңғы уақытта елордадағы Ин­­дус­триялық паркте 28 жаңа жо­ға­­ры технологиялық өндіріс іске қо­сы­­лып, 800 жаңа жұмыс орны ашыл­ды. Жалпы, №1 Индустриялық парк аумағында жалпы құны 187,5 мил­лиард теңгені құрайтын 62 ин­вес­ти­­­ция­­­­лық жоба іс-жүзіне асы­рылды. Осы кә­сіпорындардың бюд­жетке тө­ле­­­ген салықтарының есебі­нен парк инф­­­ра­­құрылымы құры­лы­сы­на жұм­­с­ал­ған қаржы толығымен ақталды. Қала әкімдігінің жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан қызметі­нің басты бағыттарының бірі кәсіп­керлікті дамыту болып табылады. Бүгінде шағын және орта бизнестің Астанадағы жалпыөңірлік өнімдегі үлесі 62 пайызды құрап отыр. Бұл еліміздің өңірлерінің ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш. Үстіміздегі жылы елордада қызмет ететін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 105 мыңға жетті. 2010 жылдан бастап Астанада шағын және орта бизнес субъектілеріне мақсатты қаржылық көмек көрсету қолға алынды. Осы кезеңде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында орта және шағын бизнес субъектілерінің жалпы құны 84,7 миллиард теңгені құрайтын 480 жобасына қаржылай көмек көрсетіл­ді. Оның ішінде 2015 жылы жалпы құны 12,1 миллиард теңгенің 67 жоба­сы мақұлданды. Бұл елордада ша­ғын және орта бизнесті дамытуға қо­сым­ша серпін бермек. Жыл сайын елорданың экономи­калық әлеуетінің өсуіне байланыс­ты әлеуметтік саланы дамытуға да жан-жақты мүмкіндіктер жасалуда. 2016 жылы Астанада тұратын 3 – 6 жас аралығындағы балалардың 84,5 пайызы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылды. Бұл мәселені кешенді түр­де шешуге бетбұрыс жасалуда. Жыл сайын қалада көптеген бала­бақ­шалар пайдалануға беріледі. Соны­мен бірге, елордадағы бала туу мен көші-қон деңгейі де жоғары. Күн сайын елордада 60 сәби өмірге ке­л­іп, мектепке дейінгі тәрбие ме­ке­­­ме­леріне 90 – 100 бала кезекке тұ­ра­­­ды екен. 2015 жылы қаламызда 10 жаңа балабақша пайдалануға берілді. Бүгінде Астанада 188 мек­тепке дейінгі тәрбие мекемесі жұмыс істейді. Оларда 34 мыңнан ас­там бүлдіршін білім және тәрбие алу­да. Биыл елордада алғаш рет кезек­те тұрған бүлдіршіндерге 8 мыңға жуық жаңа орын берілмек. Жыл сайын елордада жалпы білім беру мектептерінің саны да артып отыр. 2014 жылы қалада 88 мектеп болса, биылғы оқу жылында олар­дың саны 94-ке жетті. Жаңа мек­теп­терді пайдалануға беру есебінен елордада өткен жылы 3 ауысымдық оқу жүйесі түбегейлі жойылды. Қазір елордада 870 мыңнан астам тұрғын бар. Қала халқының саны жыл сайын 20 мыңға артуда. Осыған байланысты қала халқына медициналық қызмет көрсету барысында емдеу мекемелеріне түсетін салмақ жоғары. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы орын алған осы мәселелерді шешу үшін кешенді іс-шаралар қабылдап, жүзеге асыруда. Өткен жылы Астанада 5 ірі заманауи денсаулық сақтау мекемесі ашылды. Жедел медициналық жәрдем қызметін жаңғырту мақсатында нақты шаралар іс-жүзіне асырылды. Бүгінде Астанада жедел жәрдем бригадасының келу уақыты 10 минуттық межеден аспайды. Жылдан-жылға қанатын кеңге жайып, экономикалық дамудың орталығы болып саналатын Астана жалпыға ортақ еңбек қаласына айналуда. Өткен жылы елордада 18 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Соңғы жылдары жоғары кәсіби кадрларды еңбекке жұмылдырған жаңа жұмыс орындарының ашылуы нәтижесінде елордадағы жұмыс­сыздық деңгейі 4,6 пайызға дейін төмендеді. Бұл республикалық орташа көрсеткіштен де төмен. Қазір жұмыссыз жүргендер ретінде 1898 адам тіркелсе, еңбекпен қамту орталығына тіркелген бос орындар саны 2315 жұмыс орнын құрайды. Осы ретте ерекше атап өтетін мәселе, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайын­дық елорданың тұтастай эко­но­микалық дамуына тың серпін беру­де. Бүгін көрмеге дайындық қызу қарқынмен жүргізілуде. Міне, осындай тарихи ірі жобалардың нәти­жесінде елорданың тыныс-тір­ші­лігінің барлық салаларына ин­­но­вациялар белсенді түрде енгізілуде. Астанада білім, денсау­лық сақ­тау, мәдениет, көлік жүйесі сала­ларында «ақылды қала» қанатқақты жоба­лары іс жүзіне асырылуда. Елор­даның тыныс-тіршілігін кешен­ді қам­­тамасыз ету мақсатында – ТКҚЖ бағдарламасы жүзеге асы­рыл­­ды. ТКҚЖ бағдарла­ма­сы­ның мақ­саты – елорда тұр­ғын­­дары мен қонақ­тарының қауіп­сіз­­дік дең­гейін арттыру, құқық бұзу­шы­лық­­тар­дың алдын алу және қала­дағы жағ­дайлардың нақты уақыт режімінде мониторинг жүргізу болып табылады. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»