• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2016

Путин жаңа экономикалық одақ құруды ұсынды

297 рет
көрсетілді

Ресей президенті Владимир Путин Петербургте өтіп жатқан халықаралық экономикалық форум барысында сөйлеген сөзінде жаңа Еуразия экономикалық одағын құру жөнінде ұсыныс білдірді. Ресей басшысының айтуынша, қазіргі Еуразия экономикалық одағының Ресей бастаған мүшелері Қытай, Үндістан, Пәкістан, Иран секілді тағы бірқатар елдердің қатысуларымен жаңа үлкен Еуразия әріптестігінің құрылуын қалайды. Еуразия экономикалық одағының мүшелері, сондай-ақ бүгінде Ресей тығыз қарым-қатынас орнатып отырған Қытай, Үндістан, Пәкістан, Иран елдері Үлкен Еуразия әріптестігін осы жаздың өзінде құрып алуы да әбден мүмкін. Владимир Путин сондай-ақ жаңа одаққа ТМД бойынша әріптестердің, соған қоса басқа да ынта-ықылас білдірген мемлекеттер мен бірлестіктердің қатысып қалулары мүмкін екенін сөз етті. Ресей президенті ЕАЭО-мен инвестиция және сауда секілді әр алуан салаларда әріптес болуға Еуроодақтың да мүдделі болып отырғанын айтты. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, фото: politonline.ru.
Соңғы жаңалықтар