• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
03 Ақпан, 2011

Жақсы өмірге бағыттайды

515 рет
көрсетілді

«Нұр Отан» ХДП Қостанай қалалық филиалының мүшелері шаһардағы ірі кәсіпорындарды аралады. Алдымен «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамына келгенде, осы кәсіпорынның 400 жұмысшысы мәшине құрастыратын  атшаптырым цехқа қойылған экран арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қа­зақстан халқына Жолдауын тыңдап отырған еді. Нұр­отан­дық­тар да отыра қалып, Елбасы Жолдауын зауыт жұмыс­шы­лары­мен бірге көріп, тамашалады. Жолдау аяқталған соң  «Нұр Отан» ХДП Қостанай қалалық  филиалының төрайымы, педагогика  ғылымдарының докторы, профессор Римма БЕК­ТҰРҒАНОВАНЫ әңгімеге тартқан едік: – Римма Шыңғысқызы, Жол­даудан алған әсеріңіз қан­дай? – Мен және менің әріп­тес­терім де үлкен әсер құша­ғын­да­мыз. Президент Жолдауын цех жұмысшыларымен бірге көріп, тыңдадық. Жұмыс­шы­лар­дың экранға аса зейінмен қа­рағаны көңілді толтыра түс­кендей. Міне, аса ірі «АгромашХолдинг» зауыты жұмыс істеп тұр. Қаншама адам осы цехтан табыс тауып, отба­сы­ла­рын асырап отыр. Соңғы кезде зауыт кореялық мәшинелер құ­растыра бастады. Осындай ірі жобаның жүзеге асуы әлемдік деңгейдегі саяси қайраткер және дана экономист Прези­дентіміздің арқасы екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Елбасымыз Нұрсұлтан На­зар­баевтың өзі де маған жоғары көңіл-күйде сияқты көрінді. Негізі Нұрсұлтан Әбішұлының шешендігіне еш дау жоқ. Жол­даудағы әр сөзі оптимизмге то­лы, тыңдаушының да рухын көтеріп тастады. Ол кісінің сө­зін­де босқа ұрандату жоқ, жеткен жетістіктерімізбен қатар, кемшіліктерді де бүкпесіз айт­ты. Әр қазақстандықтың көзін шындыққа жеткізгендей, нақты өмірдің көрінісін берді. Алдағы күндерге адастырмай бағыт­тай­тын Жолдау бізге осындай шы­найылығымен қымбат дер едім. – Жолдауда айтылған қан­дай мәселелер көбірек ұна­ды? – Президент алдымен халық­тың әлеуметтік жағдайына көңіл бөледі. Ал бұл – экономиканы дамытқанда ғана мүмкін болатын жағдай. Сондықтан Нұрсұлтан Әбішұлы бизнесті, шағын және орта бизнесті дамытуға тағы да назар аударды. Ал осы Жолдауда білім беру ісінің мәселелері елімізде көкейкесті екені байқалды. Елбасы мемлекеттің өркениетті елдер қатарынан көрінуіне бірден-бір тірек болатын саладағы кемшіліктерді де жасырмады. Мы­са­лы, осы кезге дейін ешқандай ғы­лыми конференцияларда, басқо­су­ларда ешқандай ғылыми баяндама жасап көрмеген кісілерді сұ­растыра келсең ғылым канди­даты немесе дардай ғылым доктор екенін білесің. Ғылымдағы көз­бояушылық еліміздің ертеңі үшін қауіпті нәрсе. Диссерта­ция­лық кеңестің жабылатынын мен де қолдаймын. Президент дұрыс айтты. – Жолдауда айтылған мәсе­ле­­лер­ді уақтылы жүзеге асыру үшін не істеу керек деп ой­лай­сыз? – Негізі, Президент жол­дау­ларында айтылған жайлар Тәуел­сіз мемлекетімізді жар­қын істерге бағыттау болып та­бы­лады дедім ғой. Ал бұдан бұ­рынғы жолдауларындағы қа­дау-қадау мәселелер біртіндеп өмірлік шындыққа айналып келеді. Мысалы, экономиканы үде­мелі инновациялық-инвес­ти­циялық дамыту бағдар­ла­ма­сы, тағы басқа мысалдар жеткілікті емес пе? Білім беру са­ла­сында да соны істер қолға алы­нып жатыр. Жүйені пысықтау жөнінде осы Жолдауда айтыл­ған­дардың барлығы да бола­шақ­та нақты шешімін табады деп білемін. Менің айтарым, Президент біреу, біз көппіз. Елбасы ба­ғыт­тады ма, оны жүзеге асыру үшін барлығымыз да жұды­рық­тай жұмылуымыз керек. Нұр­сұл­тан Назарбаев осының бар­лығын да Қазақстан халқының игілігі үшін жасап жатса, біз сол Қазақстанның патриоты бо­луы­мыз керек. Ниет дұрыс бо­луы керек. Таудай істер тамаша басталып, соңы қалып қоймаса екен. Президент айтқан көп­те­ген мәселелер ұзақ мерзімге есеп­телген. Ал оның нәтижесін 2020 жылы Президентімізбен бірге көруге жазсын деңіз. Әңгімелескен Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай. -------------------------------- Суретте: «АгромашХолдинг» АҚ жұмысшылары мен саяси партия өкілдері Жолдауды бірігіп көрді. Суретті түсірген В.ВЕДЕНКО.