• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2016

«Еуро-2016». Венгрия соңғы минуттарда есепті теңестірді (видео)

224 рет
көрсетілді

  Еуропа чемпионатының F тобында өнер көрсететін Исландия мен Венгрия құрама командалары Марсель қаласында кездесті. Матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Исландия – Венгрия 1:1 (1:0) Стадион: «Стад Велодром» Төрешілер: Сергей Карасёв, Николай Голубев, Тихон Калугин (бәрі – Ресей), Алексей Кульбаков (Беларусь) Исландия: Халльдорссон Ханнес, Севарссон Биркир, Арнасон Кари, Сигурдссон Рагнар, Скуласон Ари, Гуннарссон Арон (Халлфредссон Эмил 66), Сигурдссон Гюльфи, Гудмундссон Йохан, Бьярнасон Биркир, Сигторссон Колбейнн (Эйдур Гудьёнсен 84), Бёдварссон Йон-Дади (Финнбогасон Альфред 69) Венгрия: Кирай Габор, Ланг Адам, Юхас Роланд (Салаи Адам 85), Гузмич Ричард, Кадар Тамаш, Надь Адам, Гера Золтан, Кляйнхайслер Ласло, Джуджак Балаж, Пришкин Тамаш (Боде Даниэль 65), Штибер Золтан (Николич Неманья 67) Голдар: Гильфи Сигурдссон 39 (пенальти) – Биркир Севарссон (автогол) 88 Ескерту алғандар: Йохан Берг Гудмундссон 42, Финнбогасон 74, Севарссон 77 – Кадар 81, Кляйнхайслер 83, Нодь 90+1 Кездесу тартысқа толы өтті. Қос команда ойыншыларының аяғына доп тиісімен шабуылға шыққанда, жанкүйерлер гол соғылады деп үміттеніп отырды. Дегенмен, қанша жерден қауіпті болса да, алғашқы 45 минутта бір ғана доп соғылды. Матчтың 39-минутында қақпа маңында аса тартысты сәт орын алды. Осы кезде Исландия құрамасының ойыншысына қарсы ойын тәртібі бұзылды деген оймен төреші Кирай Габор қақпасына пенальти белгіледі. 11-метрлік айып добын орындаған Гильфи Сигурдссон есеп ашып, өз құрамасын алға шығарды. Ал екінші таймда Венгрия ойыншылары шабуылдарды жиі ұйымдастырды. Бір емес бірнеше гол соғатын мүмкіндіктері болғанымен, таразы басын тек 88-минутта ғана теңестіре алды. Бұл допты Исландия ойыншысы – Севарссон қауіпті сәттің бетін қайтарамын деп өз қақпасына соғып алды. Аян Әбдуәли. Фото, видео: vk.com.
Соңғы жаңалықтар