Грузияның Узунта селосының маңындағы орманда адасып кеткен жеті жасар ұл баланы бір төбет ит аман сақтап қалды.
Тбилиси қаласында тұратын кішкентай Лука Омиадзе мұнда әжесінің үйіне қыдырып келген екен. Ол бірнеше күні көрші балалармен футбол ойнап, өзенге барып жүреді. Кенет бір күні ол аяқ астынан жоқ болып кетеді. Әжесі кешке үйге келмеген немересін іздеп шығады. Бірақ қайда селоның айналасындағы барлық жерді сүзіп шыққанымен, бала табылмайды.
Сосын сағат 23:00 шамасында әйел полицияға телефон шалып, немересінің жоғалып кеткенін хабарлайды. Полиция сарбаздары бірнеше минуттан кейін Узунта селосына жетіп келеді. Олар баланы іздеу үшін полиция қызметкерлерінен, өрт сөндірушілерден, жергілікті әкімдік қызметкерлері мен еріктілерден арнайы жасақ құрады.
Іздеушілер тек таң алдында ғана үсті-басы әбден су болған, қатып тоңып қалған, бір итті құшақтап отырған Луканы орман ішінен тауып алады. Баланың айтуынша, ол жаңбыр жауып кеткен кезде кездескен. Ит түні бойы балақайға жабысып, оны өзінің дене қызуымен жылытып отырған.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: ras.kz.