Түркияның таңғаларлық талантты суретшісі Гарип Ай полотноға жағу үшін пайдаланатын аздаған су мен бояу арқылы керемет картиналар жасап жүр. Ол қазірге дейін осы тәсілмен әлемдік деңгейде ат-атақтары бар көптеген суретшінің таңдаулы картиналарын қайталап жазып шығыпты.
Қыл қалам шеберінің қайталанбас туындылары арасында атақты Ван Гогтың шығармашылығындағы шедеврлері де бар.
Гарип Ай суреттері түріктің кескіндеме өнеріндегі төл таңбасы – «эбру» (еbru) деген стильмен салынады. Суретшіге танымалдылық «Ютуб» видеохостингіндегі өзінің арнасына салып қойған видеолары арқылы келді. Ұсынылып отырған сурет – соның бір айғағы.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: ras.kz.
https://youtu.be/4dKy7HNU4vk