• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
19 Маусым, 2016

Карелияда екі қайық аударылып, 13 бала суға кетті

291 рет
көрсетілді

Ресейдің Карелия республикасында көлдің үстіндегі екі қайық аударылып кетіп, 13 баланың өліміне себепші болды. «Алдын ала мәлімет бойынша, көлде екі қайық аударылып кеткен. Оларда 26 адам болған (екі ер кісі, қалғандары балалар). Қазір 13 баланың суға кетіп қалғаны белгілі болды. 13 адамды құтқарып қалудың орайы келді», делінген республика төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. Бұдан бұрын Карелияның Пряжа ауданындағы Сямозеро көлінде үстінде балалары бар қайықтың аударылып кеткені хабарланған еді. Министрліктің мәліметінше, жексенбі күні демалушылар екі қайыққа отырып, Сямозеро көлінде серуен жасаған. Бір кезде су айдыны бетінде қатты жел тұрып, қайықтар шайқатыла бастаған. Жағаға тек бір сал мен бір қайық қайтып оралған. Қазір осы серуенді ұйымдастырған адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Interfax.  
Соңғы жаңалықтар