• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
20 Маусым, 2016

Индонезияда су тасқынынан 31 адам қаза тапты

184 рет
көрсетілді

Индонезияның Ява аралында табиғат апатынан қаза тапқандар саны 31 адамға жетті. Қазіргі таңда іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. «Франс-Пресс» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әлі 19 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. «Біз 31 адамның денесін таба алдық. Құтқару тобы 19 адамды іздеп жатыр», – делінген хабарламада. Осыған дейін 24 адамның қаза тауып, 26 тұрғынның жоғалып кеткені белгілі болған. Жергілікті билік зардап шеккендерді уақытша баспаналарға орналастырып жатыр. Төтенше жағдайлар қызметі жол бойын құлаған ағаштар мен тастардан тазарту жұмыстарымен айналысуда. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ria.ru.
Соңғы жаңалықтар