• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2011

Испандықтар «Балбырауынға» балқыды

470 рет
көрсетілді

Қаңтар айында елордадағы №2 балалар музыка мектебінің «Жігер» ұлт аспаптар ансамблі «GRAN FIESTA -2011» бай­қауына қатысу үшін Испанияға аттанған болатын. Жуырда ансамбльдің көр­кемдік жетекшісі Мейрам Омаров редакциямызға атбасын б­арып, ол елден жақсы жетістікпен орал­ғандарын әң­гі­мелеп бер­ді. «GRAN FIESTA – еу­ропалық дең­гейдегі көпжанр­лық байқау. Оған әртүрлі мемлекеттерден келген өнерлі балалар қатыса алады. Ал, ұйым­дастырушылар алқасы ис­пан­дық Fiestalonia фестиваль комитеті. Бай­қау жыл сайын Бар­селонаның маңайындағы Ллорет де Мар қала­сында өтеді екен. Біз бұл мәлі­меттерді интернет ар­қылы білдік. Сосын қалайда бағы­мызды сынап көруге тырысып, ұйымдас­тыру­шы­лармен алғашқы­да интернет ар­қылы байланысып отыр­дық. Олар­ға ансамбльге қа­тыс­ты мә­лімет­терді, су­реттерімізді, со­сын ви­део­ролик­тер жібердік. Сөй­тіп, бай­­қау шақырту келді. Содан тәуе­келге бас тігіп ат­та­нып кет­­тік. Жетістігіміз жаман емес. 30 мем­ле­кет­тен 100 ұжым қа­тыс­қан үл­кен бай­­­қауда екінші орын­­д­ы иелен­дік», дей­ді Мейрам Омаров. «Испан кө­рер­мендерінің Құр­ман­­ғазының «Бал­бы­рауын», Ж.Ең­­се­пов­тың «Балбұ­лақ», А.Жел­ді­баев­тң «Ерке сыл­қым» күйлерін орын­дадық. Тың­дап, одан үлкен әсер ал­ғанын бай­қадық. Осын­дай ауқымы кең, көпжанрлы бай­­қауда (яғ­ни виоленчел, скрипк­а, хореография, во­кал, трио бәрі бар) екінші орын алу үлкен жетістік десек, Испа­ния­ға барып өнер көрсетіп қайтқан жеткіншектердің атын айтпай кету жарамас. Олар «Жігердің» құра­мын­да өнер көрсететін Диляра Дүй­енова, Абылай Жүсіпбеков, Сұлтан Қаб­ді­рахманов, Жансая Қайрат­қызы, Әмір Қамидоллинов, Айдар Қаркенов, Әлі­шер Мәжитов, Адақ Тайжанов, Те­­мірлан Теміртаев, Мадина Тоқ­мур­зина, Сәния Хусеинова секілді өнер­лі балалар»-дейді көр­кемдік жетекші. Айгүл СЕЙІЛОВА.