• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Маусым, 2016

Елбасы марапаты елдікке жетелейді

260 рет
көрсетілді

Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрайымдығымен Қазақстан Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 2016 жылғы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның отырысы өтті. Отырысқа Комиссия мүшелері – республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақ­тардың, журналистердің қоғам­дық бірлестіктері мен мүдделі мем­­ле­­­кет­тік органдардың өкілдері қатыс­ты. Жиынды ашқан Мемлекеттік хатшы бұқаралық ақпарат құрал­дарының Қазақстан мемлекеттілігін нығайтудағы маңызды рөліне тоқ­талып өтіп, БАҚ өкілдерін алда келе жат­қан кәсіби мерекелері – Бай­ланыс және ақпарат қызметкерлері күні­мен құттықтады. «Отандық журналистика­ның негізгі міндеті Елбасы Н.Ә.На­зар­баев­тың стратегиялық бағытын ақпа­раттық-бұқаралық тұр­ғыда қам­тамасыз ету болып табылады. Сон­дықтан да біз ұсы­ныл­ған материал­дарды саралау­да жоғарыда айтып өткен ел Тәуел­сіздігінің 25 жыл­дығы мен «Мәң­гілік Ел» жал­­пы­ұлттық идеясы және «Қазақ­стан-2050» Стра­тегия­сының кеңінен наси­хат­тал­ға­ны­на басымдық береміз», – деді Қоғам­дық комиссия төрайымы. Г.Әбдіқалықова Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің біріне айналуға деген ұмтылысын атап өтті. Бұл мақсатқа қол жеткізу жолында, әрине, журналистиканы қоса алғанда, өмірдегі барлық саланы инклюзивті дамыту көзделеді. «Қазақстандық масс-медиа ең биік халықаралық өлшемдерге сай болып, ел өміріндегі маңызды оқиғаларды шынайы түрде және біліктілікпен жариялап-көрсету ісін қамтамасыз етуге тиіс», – деді Мемлекеттік хатшы. Биыл қоғамдық комиссия қа­рауына 78 ұсыным берілді, атап айт­қанда, оның 67-сі журналистерге, 11-і шы­ғар­машылық ұжымдарға қатысты. Қоғамдық комиссияның отырысы барысында журналистер материал­дарының  жоғары деңгейі, сондай-ақ, баспасөздің Қазақстан дамуының маң­ызды қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін жариялап-көрсету ісіндегі зор үлесі атап өтілді. Талқылау қорытындысында қоғам­дық комиссия БАҚ сала­сындағы президенттік марапаттарды тағайындау ережесіне сәйкес, ашық дауыс беру арқылы БАҚ өкілдеріне Президенттің екі сый­лығын, екі грантын тапсыру және төрт шығармашылық ұжымға Алғы­сын жариялау жөнінде Мемлекет басшысына ұсыным беру туралы бірауыздан ұйғарым жасады. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан»