Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, ЮНЭЙДС-тің (БҰҰ АИТВ/ЖИТС жөніндегі біріккен бағдарлама) атқарушы директоры Мишель Сидибемен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенат басшысы Қазақстан СПИД, өкпе аурулары және безгекпен күрес жөніндегі БҰҰ ВИЧ/СПИД жөніндегі біріккен бағдарламасының қызметін жоғары бағалайтынын атап өтті. Қ.Тоқаев ВИЧ/СПИД-пен күрес Қазақстан Үкіметінің негізгі стратегиялық құжаттарына, денсаулық сақтау саласын дамыту жөніндегі «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына енгенін айтты. Сондай-ақ, Орталық Азия елдері үшін Алматыда ВИЧ-тің таралуымен күрес жөніндегі аймақтық кеңсесі ашылуының маңыздылығы да айтылды.
М.Сидибе Қазақстан Үкіметінің ВИЧ/СПИД-пен күрес жөніндегі шараларын жоғары бағалады және БҰҰ ВИЧ/СПИД жұмысы кеңінен қолдау тапқаны үшін еліміздің басшылығына алғыс айтты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстан халқының арасында ВИЧ індетінің таралу деңгейі 0,1 пайызды құрайды, Орталық Азия аймағындағы басқа елдерге қарағанда және орташа әлемдік көрсеткіштерге қарағанда 1,1 пайызға төмен болып отыр.