• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
22 Маусым, 2016

«Ауызашар» печеньесі Семейде өндіріледі

452 рет
көрсетілді

Семейде жергілікті кондитер цехтарының бірінде қасиетті Рамазан айының құрметіне «Ауыз­ашар» атты кондитерлік өнімдер жиынтығы шығарылуда. Өндірілген тағамдардың ішінде ши бауырсақ, жент сияқты ұлттық өнімдермен бірге құрма, печенье бар. Цех жетекшісі Жанаргүл Жұма­ғалиеваның айтуынша, отандық өнімге көршілес Ресей, Қытай, Моңғолия елдерінен тапсырыс түсіп жатыр. Осыдан 10 жыл бұрын ашылған шағын цехта бастапқыда 2-3 адам еңбек етіп, өнімнің 5-6 түрі ғана шығарылса, қазіргі таңда ол 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтыған, қанатын кеңге жая бастаған кәсіпорынға айналып келеді. – Мен мамандығым бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Сондықтан, кондитерлік цехымызда өнді­рілетін күлшелерімізді қазақы қалыпта атағанды ұнатамын. Мә­селен, «Тақия», «Шаңырақ» деген печеньелер бар. Түр-тұрпатына қарап та атай береміз, – дейді цех жетекшісі. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» СЕМЕЙ