• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2011

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы №1145

348 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №932 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №932 Жарлығына (Қа­зақ­стан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №20-21, 151-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Заңды тұлғаларды – Алматы қаласының өңірлік қаржы ор­талығының қатысушыларын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)», «Алматы қаласының өңірлік қаржы ор­та­лығының қатысушыларын аккредиттеу», «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жү­зеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру», «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберілген қаржы құралдары эмитенттерінің аудитіне жұмсалған шығындарды өтеу», «Алматы қа­ласының өңірлік қаржы орталығы қатысу­шыларының құжаттамасын қаржы орталығының органдарын қос­пағанда, мемлекеттік органдарға беру үшін ағылшын тілінен мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттары жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қол­данысқа енгізіледі. Қазақстан  Республикасының  Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 31-і.  №1145 _______________ «Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы №932 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы №1145 Жарлығына түсініктеме 2011 жылғы 31 қаңтарда Мемлекет басшысы «Қа­зақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 нау­рыздағы №932 Жарлығына өзгерістер енгізу ту­ралы» Жарлыққа (бұдан әрі – Жарлық) қол қойды. Жарлық Қазақстан Республикасы Алматы қа­ла­сының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Алматы қаласының әлемдік стандарттарға сәйкес қаржы орталығы ретінде да­муына ықпал ететін мемлекеттік қызметтерді көр­сету бойынша қызметін жетілдіруге бағытталған. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жыл­ғы 4 наурыздағы №932 Жарлығымен бекітілген, Агенттік көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттары жаңа редакцияда мазмұндалып отыр. Мемлекет басшысының бизнестік ахуалды жақ­сар­ту, бизнесті тіркеу және жүргізумен байланысты биз­нестің операциялық шығындарын қысқарту туралы тап­сырмаларын іске асыру мақсатында Агенттікке заңды тұлғалар ұсынатын құжаттардың кейбір дана­ларының саны азайтылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» заңына сәйкес, «Заңды тұлғаларды – Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қаты­сушы­ла­рын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу)» және «Ал­маты қаласының өңірлік қаржы орталығының қаты­су­шы­ларын аккредиттеу» мемлекеттік қызмет көрсету стан­дарттарынан заңды тұлғаларға статистикалық карточ­каны ресімдеуді, беруді реттейтін нормалар алынып тасталды. Тұтастай алғанда, Агенттіктің жаңартылған мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардың қажеттіліктерін қана­ғат­тандыруға, олардың құқықтарын, бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Жарлықтың толық мәтіні Агенттіктің www.rfca.gov.kz Интернет-ресурсында орналастырылған және Қа­зақ­стан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында жария­ланатын болады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі.