• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2011

Египеттен шығарылды

488 рет
көрсетілді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағ­дайлар жөніндегі министрліктің біріккен іс-ша­рала­ры­ның арқасында 1-2 ақпанда Египеттегі  қа­зақ­стан­дық­тар­дың басым бөлігі отандарына орал­ды. Каир – Алматы бағыты бойынша арнайы екі рейс­пен 206 адам шы­ға­рылды. Олардың ішінде Тә­жікстанның үш азаматы бар. ҚР Египеттегі елшілігінің қызметкерлері отандастармен байланыс орнату, елден кетушілердің ті­зі­мін жасау, арнайы рейстердің кетуі мен келуін үйлестіру, паспорттық тексеруден өткізу мен ұшаққа отырғызу секілді маңызды жұмыстарды атқаруда. Елшіліктің барлық дипломатиялық құрамы мен бірқатар техникалық қызметкерлері (барлығы 12 адам) Египетте белгілі бір себептермен қалған аза­мат­тарымызды елге қайтару жұмыстарымен айна­лы­сып, қызметтік борыштарын өтеуде. Қажеттілік туған жағдайда, Қазақстан жағы тиісті көмек көрсету жө­нінде достас мемлекеттермен байланыста болады. Египетте қалыптасқан ахуалды ескере отырып елі­міздің СІМ-і қазақстандықтарға жағдай реттелгенге дейін бұл елге барудан бас тарта тұру жөніндегі ұсынысын 14 ақпанға дейін ұзартады, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.