• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2016

Үкімет бақылауында

243 рет
көрсетілді

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облы­сында күйдіргі (Сібір жа­ра­сы) ау­руы­ның таралуына қатысты жағ­­дай­ды күнделікті бақылауға алды. Бүгін ҰЭМ Тұты­ну­шы­­­лардың құқық­тарын қор­­ғау комитеті  төраға­сы­ның орын­басары – Бас мем­­­лекеттік санитар­лық дә­рі­г­ері Жандарбек Бек­шин өзінің кезекті баянда­ма­сында «соңғы тәулікте Ер­­кіндік ауылы тұрғын­дары­­ның арасында күйдіргі ау­­руын жұқтырған оқиға тір­­­кел­мегенін» атап көр­сетті. Сонымен қатар, арнайы штаб жұмыс істеуде, ауылда карантин жарияланды. «Бұл ауылдан мал басы мен азық-түлік өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салынды. Жағдай бақылауда. Үй-жайлар және күйдіргіні жұқтырған науқастармен қарым-қатынас жасаған адам­дардың түгелі анықтал­ды, химиялық және дәрілік жолдармен індетке қарсы емдік шаралар жүргізіліп жа­тыр», – деді бас сани­тарлық дәрігер. Баяндама қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы минис­тр­ліктеріне жергілікті органдармен бірлесіп, жұқпалы індеттен тұрғындарды қор­ғау жұмыстарын күшейтуді тапсырды. «Біріншіден, аурудың әрі қарай таралуына жол бер­мей, тұрғындардың қауіп­сіздігін қамтамасыз ету қажет. Екінші міндет – елі­мізде мұндай оқиғалардың болмауы үшін бізге кешенді іс-шаралар керек. Бұл мәсе­лені сізге тұрақты бақы­лауда ұстауды тапсырамын», – деді К.Мәсімов. Премьер-Министр ке­лесі аптада Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, жағдаймен танысатынын айтты. Бұл мәселе бойынша арнайы жұмыс кеңесі өтетін болады. Естеріңізге сала кетейік, 19 – 22 мау­сым аралығында Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында күйдіргі ауруын жұқтырды деген күдікпен тоғыз адам ауруханаға жатқызылған, олардың екеуі қайтыс болды. Індеттің жұғуына ауру малдың еті себеп болған, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қыз­меті.