Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының 15 жылдығына арналған салтанатты концертте болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
«Өзбекстан» халықаралық форумдар сарайында өткен концертке Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің, сондай-ақ байқаушы елдердің басшылары қатысты.
Мемлекеттер басшыларының назарына ұсынылған бағдарламада Өзбекстан өнер шеберлерінің орындауындағы музыкалық композициялар қамтылды.