Орал қаласының салтанат сарайында Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов облыстың және Орал қаласы мектептерінің «Алтын белгі» иегерлеріне төсбелгілерін салтанатты түрде табыс етті. Бұл туралы zhaikpress.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
«Алтын белгіге» үміткер 90 оқушы өз білімдерін дәлелдесе, 167 түлек үздік аттестат иегері атанды.
Білім грантын иеленуге конкурсқа қатысуға шекті деңгейден өте алмағандар саны – 436 түлек. Облыс бойынша ең жоғары 125 балды Қаратөбе ауданы, Қаратөбе мектеп-гимназиясының түлегі Ақнұр Беркінова жинады. 22 түлек халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары ретінде ҰБТ-дан босатылды.
2016 жылы ҰБТ-ға 4 514 мектеп бітірушінің 3 322-сі қатысып, жалпы түлектердің 73,59 пайызын құрады.ҰБТ қорытындысы бойынша, орташа жинақ балл – 82,11, республикалық көрсеткіш – 81,2 балл.
Биыл облыс көлеміндегі 231 мектепте 4514 түлек аттестаттарын алады.
Темір Құсайын.
Дерек, фото: zhaikpress.kz.