• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Үкімет 23 Қаңтар, 2017

Сағынтаев Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің бас директорымен кездесті

5571 рет
көрсетілді

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Бреттон-Вудсты жаңғырту комитетінің Бас директоры Марк Узанмен кездесу өткізді. Бұл туралы primeministеr.kz хабарлады.

Кездесуде жаңа экономикалық сын-тегеуріндер тұрғысынан алғандағы ынтымақтастық келешегіне қатысты мәселелер талқыланды. Комитет – Қазақстанның экономикалық әртараптандыру және тұрақты даму үдерістерін ілгері жылжыту жөніндегі серіктесі.

Айта кетейік, Бреттон-Вудсты жаңғырту комитеті – 1994 жылы оның қазіргі бас директоры Марк Узанның (Нью-Йорк қ.) Бреттон-Вудс конференциясының 50 жылдығын мерекелеу аясында негізін қалаған коммерциялық емес ұйым.

Комитет қызметі жаңа экономикалық сын-тегеуріндерге әлемдік қаржы архитектурасы мен валюта жүйесін бейімдеуді мақсат ететін, жоғарғы деңгейдегі қатысушылар арасында ашық диалог ұйымдастыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар