• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2016

Теңдессіз балет туындысы

296 рет
көрсетілді

Жақында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында өтетін «Париж Құдай Анасы соборы» балетінің премьерасына орай баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды. Оған «Астана Опера» театры­ның директоры Төлеубек Әлпиев, қоюшы-балетмейстер Луиджи Бонино, балеттік труппаның көр­кемдік жетекшісі Алтынай Асыл­мұратова, балеттік труппаның директоры Тұрсынбек Нұрқалиев, Квазимодо рөліндегі Бақтияр Адам­жан, Эсмеральда рөліндегі Әйгерім Бекетаева, сияқты танымал саңлақтар қатысып, журналистердің қойған сұрақ­тарына жауап берді. Театр директоры Төлеубек Әлпиев ХХ ғасырдың айтулы хореографы Ролан Петидің әйгілі балетін Қазақстанда сахналау «Ролан Пети балеттері» Қоры­ның рұқсатымен жүзеге асырыл­ғанын және де елордалық балет труппасының мұны жоғары деңгейде орындап шыққанын атап өтті. Сондай-ақ, ол танымал қойылымды қазақ сахнасына алып келуге бастамашы болған балет труппасының көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратова мен фран­циялық арнайы мамандарға зор алғысын білдірді.  «Бұл партияны орындау үшін мен біраз тер төктім. Луиджи Бонино хореографияның барлық қыр-сырын егжей-тегжейлі айтып та, көрсетіп те берді. Дайын­дықтың бірнеше кезеңінен өттік, техникалық ерекшеліктерді мең­геріп, көркемдік образда жұ­мыс жасадық. Репетиция балет залынан сахнаға ауысқанда, бар­лық әртістер өз кейіпкерін толық­қанды аша білуі керек. Плас­тикасы үйреншікті болма­ған­дықтан, бәрімізге қиын­дық тудырды. Менің кәсіби қоржынымда бас­қа да рөлдер көп, бірақ мұндай партияны алғаш рет орындауым. Квазимодоның кемістігіне қара­мастан, мен оның жанының тазалығын көрсете білуім керек. Мұндай балетті, мұндай партияны тек армандауға болады», – дейді Рүстем Сейітбеков... Трагедиялық сарында өрбитін «Париж Құдай Анасы соборы» балеті би өнерінің нағыз классикалық інжу-маржаны саналады.  Арайлым ТАСТЕМІР,  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің 2-курс студенті