• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2011

Конституциялық заң жобасы мақұлданды

460 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджа­нов­тың жетекшілігімен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттардың талқысына «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Конституциялық заңның жобасы ұсынылды. Жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір Консти­ту­циялық заңдарына толықты­ру­лар мен өзгерістер енгізу ту­ра­лы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жоба­сы туралы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов баяндама жасады. Мәжі­ліс­тің Заңнама және сот-құқық­тық реформа комитетінің төраға­сы Рахмет Мұқашев қосымша баяндама жасап, аталған заң жо­басының маңыздылығы туралы айтып берді. Заң жобасын талқылау ба­ры­сында Мәжіліс депутаттары Асхат Бекенов, Рамазан Сәрпеков және Светлана Бычкова өз пікірлерін ортаға салды. Мәселен, Асхат Бекенов парламентшілер ал­дында Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын тағай­ын­дау мен өткізудің конституция­лық алғышарттарын белгілеудің мін­деті тұрғанын, бұл заң ар­қылы еліміздегі Елбасымыздың өкілеттігін референдум арқылы өткізудің бүкілхалықтық ұсыны­сын мақұлдай отырып, олай етуден саналы түрде бас тартқан Президентіміздің бүкіл елдің қолдауын, Конституциялық Ке­ңес­тің шешімін ескеріп, референдум орнына кезектен тыс сайлау өткізу жайлы ұсыныс беруі бұл елдің елдігін, халықтың тең­дігін, құқығын қорғайтын, дер кезінде жасалған батыл да па­расатты шешім деп ойлайтынын білдірді. Өз әріптестерін Конс­титу­циялық заңға ұсынылған түзетулерді бірауыздан тұтастай мақұлдауды ұсынып, осы ұсы­нысын қолдауға шақырды. Депутат Рамазан Сәрпеков өз сөзінде біздің талқылауға түсіп отырған «Қазақстан Республика­сын­дағы сайлау туралы» және «Қазақстан Республикасының Пре­зиденті туралы» заңдарға то­лықтырулар мен өзгерістер енгізуді көздейтін заң жобасы кеше ғана қабылданған заңның іске асуына мүмкіндік беретін норма­ларды қарап отырғанын көлденең тартты. «Қазақстан Республикасын­да­ғы сайлау туралы» Конституция­лық заңда кезектен тыс президенттік сайлау Қазақстан Рес­публикасы Президентінің шешімімен тағайындалады және ол тағайындалғаннан кейін екі ай мерзімде өткізіледі деп көзделіп отыр. Аталған Конституциялық заң сондай-ақ Президенттік кезектен тыс сайлау да кезекті сайлау тәртібімен өткізіледі деген нормамен толықтырылған. Бұл ретте, сайлау іс-шараларын өткізу мерзімін Орталық сайлау комиссиясы айқындайды деп белгіленген. Ал кезектен тыс сайлаудан кейінгі президенттік кезекті сайлау бес жыл өткен соң «Қа­зақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң­да белгіленген мерзімде жа­рияланады деп белгіленіп отыр. Кезектен тыс сайлауда сайланған Президенттің ант беруі сайлау қорытындысы жариялан­ған күннен бастап бір ай ішінде өткізіледі деген ереже де «Қазақ­стан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңдағы жаңа ереже болып табылады. Бұл ретте, ант беру күнін Орталық сайлау комиссия­сы айқындайтын болады. Соны­мен қатар, аталған Конститу­циялық заңда кезектен тыс сайлау­да Қазақстан Президенті болып сайланған адам президенттік өкілеттік мерзімі аяқталғанша сақтайтын кезең айқындалған. Жалпы, отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір Консти­туциялық заңдарына толықтыру­лар мен өзгерістер енгізу ту­ралы» Қазақстан Республика­сы­ның Конституциялық заңының жобасы мақұлданды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ.