Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Светлана Бычкова бастаған бір топ депутаты Ресей Президентінің кеңесшісі Вениамин Яковлев бастаған «Ресей заңгерлерінің ассоциациясы» бүкілресейлік қоғамдық ұйымының делегациясымен кездесті.
Әңгімелесудің басты тақырыбы заңнамалық бастама, оны әзірлеу, талқылау және заң қабылдау, сот жүйесіне, маман әзірлеуге және соттарды тағайындауға, соттардың тәуелсіздігін нығайтуға қатысты болды. Тараптар мемлекеттік және жекеменшік сот орындаушылардың, төрелік сот шешімдерінің орындалуы тақырыбын да қозғады.
Әңгіме соңында олар аталған өзекті мәселелердің заңнамалық шешімін табуда тәжірибе алмасу үшін Парламентте бүгінгідей кездесулер өткізуді алдағы кезде де жалғастыруға келісті. Ал жүздесуге Мәжіліс тарапынан депутаттар Арман Қожахметов, Қанат Мусин, Снежана Имашева, Гүлнар Бижанова қатысты, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.