[caption id="attachment_48723" align="aligncenter" width="560"] Фото: 24.kz[/caption]
Исландияда ешбір саяси партиялармен байланысы жоқ тарихшы, аудармашы президенттік сайлауда жеңіске жетті.
Бюллетеннің жартысынан астамын есептегеннен кейін 48 жастағы Гудни Йоханнессон қарсыластарына қарағанда көп дауыс жинағаны анықталды. 24.kz-тің ақпары бойынша, ол сайлау барысында 37,7 пайызға ие болды. Ал Халла Томасдоттир 29,9 пайыз дауыс жинады.
Мемлекеттің осыған дейінгі президенті Олафур Рагнар Гримссон 1996 жылы сайланған.
Гудни Йоханнессон – Исландия тарихы жайлы жазылған бірқатар кітаптардың авторы. Ол Исландия мен Ұлыбритания арасындағы соғысты, 2008 жылы болған мемлекетте болған дағдарысты жазған. Сонымен қатар, америкалық жазушы Стивен Кингтың төрт кітабын аударған.
Аян ӘБДУӘЛИ.