• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2011

Ақмола алға баса бермек

409 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президентіміз Нұр­­­сұл­тан Назарбаевтың Қа­зақ­стан халқына арнаған биылғы Жол­дауын «Болашақ­тың іргесін бірге қалаймыз» деген аса қуат­ты тақырыптан түз­гені ақмола­лық­тарды да қанаттан­дырып отыр. Талай тағ­дыр­шешті оқиғалар­дың куә­сі бо­лып, сол үміт, та­лап­тардың жүзеге асуына ұйыт­қы болған «Көкшетау» мәде­ниет сарайы бүгін тағы да биіктеді. Мұнда кім жоқ дейсіз, та­нитын, та­нымайтын адамдар­дың жаңа тұғырға ұмтылудағы сілкініс табын көргеніміздің өзі мерей. Кең ауқымды көрмелер­ден әйгілі ұйымдардың ғана емес, қарапайым адамдардың шы­ғармашылық шырқауын көр­ген де жақсы екен. Бұған таңқалудың жөні де жоқ сияқты. Алға басқан сай­ын асқарымыз биіктей баста­ғаны жасырын емес. Ақмола облы­сының әкімі Сергей Дьяченко Жолдау жиынында Мем­лекет бас­шысының алға қой­­ған тап­сырмаларынан өрбітіп көңіл өсірер біраз әңгіме айт­ты. Астана маңайындағы агло­ме­рация­лық аймақты құруға кіріскеніміз, елорданың азық-түлік қор­жы­­нын толықтырып, «Жасыл аймақты» жайнатып жатқаны­мыз, туристік индус­трия­ның жан­данғаны, ин­дус­триялық-ин­но­вациялық даму­дың үдемелі үрдіс алғаны, бас­қа да қадам­дарға қарыш берілгені нақты мысалдармен дәріп­тел­ді. Алда асқаралы міндет­тер­дің тұрға­нына екпін тү­сірілді. Облыстық ішкі саясат бас­қармасының уақыт ағымынан өріс алатын бағыт ұстана­тынына риза болдық. Мінберге көтеріліп, жұртшылыққа сөз ар­нағандардың өзекті мә­се­­ле­лер­ді талқыға салғаны құп­тар­лық. Облыс жұрт­шы­лы­ғы өскемен­діктердің баста­ма­сын қолдап, Ел­басы өкі­леттігін ұзарту жө­нін­дегі референдум өткізу ша­ра­ларына белсене қатысты. Оны қолдап қыруар қол жи­нал­ғаны облыс­тағы саяси ахуал­дың тұрақ­тылығын айғақтайды. Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» ХДП алдағы съезінің делегаты Шапай Әбутәлі­пов­тің Нұрсұлтан Әбішұлының елімізде кезектен тыс сайлау өткізу ту­ралы шешім қабыл­дауы ар­қылы қоғамымыздың ақыл-ойы­ның өскенін айтуын, «Көк­шетау минералды сула­ры» ЖШС директорлар кеңе­сі­нің төрағасы Асқар Әлиевтің салық түсімін жыл сайын 2 мил­лиард теңгеге жеткізгенімен, негізсіз тексерудің намыс­қа тиетінін айтуын жөн санадық. Бурабай ауданындағы «Есіл-Агро» ЖШС бас директоры, об­лыстық мәслихаттың депу­таты Асылбек Есмағамбетов Президент Жолдауында жеке кәсіп­керлікті дамытуға қам­қор­лық жасалып отырғанына қанағат се­зімін білдірді. Кәсіп­орын жыл ішінде 6500 тонна сүт өн­діріп, оның 16 атауын тұтыну­шыларға ұсынады екен. Елба­сы­мыздың өзі келіп, осын­дағы заманалық мал ша­руа­шылығы кешенін ашқаны есімізде. Он­дағы 6 жас маманға тұрғын үй сатып алып беріліпті. Болашақ осылай қалыптасады деп түйдік. Бұқаралық жиында «Экос» мектеп-гимназиясының ди­рек­­то­­ры Роза Луговой және Көк­­шетау қалалық емхана­сы­ның бас дәрігері Қорлан Қа­ды­роваға пікір кезегі тиіп, олар Ел­басы Н.Назарбаевтың биыл­ғы «Бо­ла­шақтың іргесін бірге қалай­мыз!» атты Жол­дауы­ның мүл­тік­сіз орындала­ты­нын өз ұжым­дарындағы табыстармен дәлел­деді. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.