• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
04 Ақпан, 2011

Елдегі табыс ортақтығы

402 рет
көрсетілді

Жыл сайынғы Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің саяси, экономикалық, әлеу­меттік-мәдени тіршілігінің негізгі бағыттарын айқындап келеді. Сан саланы қамтыған Жол­даудың арқасында бағыт-бағдарымыз анықталып, жақсы нәтижелерге қол жеткізілуде. Ел­басы ұстанған саясаттың дұ­рыстығын халқымыз мемлекетіміздегі өркенді өзгерістер ар­қы­лы көріп отыр. Халықтың әлеу­меттік жағдайы жылма-жыл жақ­с­ара түскені осының дәлелі. Президентіміздің биылғы Жол­дауы – әлеуметтік мәселе­лер­ге денсаулық сақтау, білім беру, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылық сала­ларына арналғандықтан, өзекті жағдайларға жан-жақты шолу жасап, алдағы мақсаттары­мыз­ды айқын көрсетуімен ерекшеленді. Жолдауда Елбасы ел эко­номикасының дамуына толық тал­дау жасады. Экономи­ка­мыз­дың ары қарай дамуы 2020 жылға дейінгі стратегиялық жос­парда көрсетіліп, бұрын аса назарға алына бермейтін салаларды да­мытуға нақты қадамдар ұсы­нып, әр салаға айрықша тоқ­талуымен ерекшеленді. Экономиканы дамыту, қор­лан­дыру, халықты тұрғын үй­мен қамтамасыз ету татулық пен ынтымақтастықты берік ұс­тау арқылы келетіні анық. Осы орайда Елбасы өңдірістік ең­бекті дамытып, өз елімізді отан­дық тауарлармен қамтамасыз ету керектігін айтты. Осы уа­қыт­қа дейін біз ауыл шаруа­шылығына көп көңіл бөлсек, енді мал шаруашылығына баса назар аудару қажеттігін алға тартты. Мал шаруашылығын индустрияландыруды дамыту, ет өнімдерін көбейту, мал тұқы­мын асылдандыру мәселесінің де өзектілігін атап көрсетті. Орта және шағын бизнестің өркендеуі мемлекеттің дамуына ықпал етеді. Осыған байланысты бизнеске үнемі қолдау көрсетіп отыру қажеттігі, микрокредит беруді ұлғайту тапсырылды. Қазақ­стан, Белоруссия, Ресей Кедендік одағының оң нәтижесі айтылып, ол мемлекетіміздің бәсекелес­тігін арттыратындығын дәлел­дей­тіні аталды. Білім сапасын көтеріп, мұға­лім беделін арттыру, жал­ақы­ла­рын еселей түсу соңғы жылдары Елбасы Жолдауында үнемі айты­лып келеді. Бұл салада атқа­рыл­ған шаруалар жетерлік. Ел Пре­зи­дентінің пайымды саясатының арқасында білім қызметкерлері­нің кешегіден бүгіні көш ілгері. Елбасы жаңа үлгідегі университет құру, интеллектуалды мектептер ашу, кәсіптік білім берудің сапасын арттыру, білім берудің үш сатылық – бакалавриат, магистратура, докторантура PhD жү­йе­сіне көшу, жоғары оқу орын­дарының 2015 жылға дейін 30 пайызын ұлттық аккредитациядан өткізу, инновациялық білім бе­руді арттыру, қашықтықтан оқы­ту үрдісін енгізуді 2015 жыл­ға дейін 50 пайызға, 2020 жылға дейін 90 пайызға жеткізуді, адамға өмір бойы білім беруді міндеттегені де бізге зор жауапкершілік жүктейді. Қазіргі таңда осы бағытта жүйелі жұмыстар атқарылуда. Жаңа үлгідегі университет ретінде Назарбаев Университетін, да­рын­ды балаларға арналған интел­лектуалды Назарбаев мектептерін атауға болады. Президент көтер­ген мәселе бойынша І.Жан­сүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ауқымды жұ­мыстар атқаруда. Атап айтқанда, университет үш сатылы білім беру жүйе­сіне көшсе, 2010 жылы инс­­титут­тық аккредиттеуден сәтті өтті. Жолдауда мемлекеттік тілді дамыту қажеттігі де айтылды. 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандық­тар саны кем дегенде 95 пай­ыз­ға жетуі тиіс. Сонымен қатар, алда орыс тілін дамытып, жас­та­ры­мыз үш тілде еркін сөйлей­тіндей дәрежеге жетуі міндеттелді. Жолдауда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету осыдан сегіз жыл бұрын басталған­дығы, қазіргі таңда бұл мәселе өз шешімін тапқаны атап көр­сетілді. 2015 жылға дейін таза ауыз сумен қалалық жерде 100 пайызға, ауылдық жерлерде 80 пайызға жету керек, деді Елбасы. Жыл өткен сайын халқы­мыздың тұрмыстық деңгейі көтеріліп келеді. Әрине, мұның бәрі Елбасы жүргізген саясат­тың арқасында мүмкін болып отыр. Сондай-ақ құнды құжатта соңғы он жылда тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі көте­ріл­се, өзіміз куә болып жүр­ген­дей, жыл сайын мыңдаған адам баспаналы болып жатыр. «Жол картасы» бағдарламасы бойын­ша тұрғын үйлерге күрделі жөндеулер жүргізілуде. Мемлекет басшысы тәуел­сіз­дік пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтып, Қазақстан халқы­ның рухани-мәдени топтасуын, сабақтаса және ілгерілей да­муын қамтамасыз ету мақса­тында «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы» деп жариялады. Ел тәуелсіздігінің мерейтойы жыл бойына «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» деген ұранмен атап өтілуі де мерей тасытады. Тәуелсіздігіміз­дің құндылығын жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында біз тағылымдық-тәрбиелік іс-шара­ларды жүйелі түрде ұйым­дас­ты­рып, жас ұрпақты елжанды­лыққа тәрбиелейтін боламыз. Елбасы Жолдауында халық­қа сенім білдіріп, болашақты бір­ге қалауға күш-жігерін ая­май­тындығын, халқын жанын­дай жақсы көретіндігін тебірене айтты. Мұны біз де үлкен жү­рекпен, ыстық ықыласпен қа­былдадық. Жолдауды іске асыруда бір отбасының баласындай ел болып жұмыла кіріссек, тәуелсіз Қазақстан биік шыңдардан көрінетіні кәміл. Қазақстан мерейі – біздің бақытымыз. Демек, бақ пен бақыт ортақ, сондықтан да бір кісідей еңбек ету кімге болса да парыз. Әбдіманап Бектұрғанов, заң ғылымдарының докторы, профессор. Алматы облысы.