Елбасымыздың дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауының еліміз тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы салмағы арта түсетіні анық. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында 20 жыл ішінде Қазақстан әлемдегі дамушы мемлекеттер қатарына қосылды. Биылғы Жолдау халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік-экономикалық дамуға арналып отыр. Қазақстанның дамыған 50 елдер қатарына қосылу бағдарламасы жүзеге асып қазіргі уақытта бизнес климаты жоғары 183 мемлекеттің арасында 59 орынға тұрақтады. Бүгінгі еліміздің индустрияландыру бағдарламасы бойынша елімізде шикізат өндіретін көптеген зауыттар салынды. Бизнес саласы оның ішінде кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнесті қолдауды жүзеге асыру шарасы бойынша да көптеген нақты міндеттемелер белгіленді. Мен «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде Елбасымыздың алдымызға қойған барлық міндеттемелерін сапалы әрі уақтылы орындауға бар күш-жігерімді саламын. Барша әріптестерімді кемел келешекті құру жолындағы келелі жоспарды орындауға атсалысуға шақырамын.
Елбасымыз өз Жолдауында шағын кәсіпкерлікті несиелендіру барысында әсіресе ауылды жерлерде мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударуды тапсырды. Ауылдық жерлердегі тұрғындардың біздің мекемемізден мал шаруашылығын дамытуға несиелер алуына бар мүмкіндікті жасайтын боламыз. Ауыл – елдің алтын бесігі. Мал сатып алу арқылы өзінің әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін жақсартып алуға бұл таптырмас мүмкіндік екендігі шындық.
Елбасымыздың дара саясаты, дана басшылығы арқасында еліміз 2010 жылы толағай табыстарға жетті. Астана төрінде ЕҚЫҰ Саммитін өткізіп, әлем елдерінің алдында Қазақстанның береке мен бірлікті сүйетін болашағы кемел, болжамды, бағдарлы, саяси тұрақты мемлекет екендігіне көздерін жеткізді. «Біз Елбасымен біргеміз» ұраны жалпы қазақстандықтардың басты ұраны болуы керек. Сонымен қатар, Елбасымызбен бірге тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын, одан кейінгі мерейтойларын да қарсы алуымыз керек деп есептеймін. Барша жерлестерімді Елбасымыздың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімін қолдауға және дауыс беруге шақырамын. Бұл кемел келешекті, жарқын өмірді таңдау болып табылады.
Мақсатбай СЕРІКБАЕВ, «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, Егіндікөл аудандық кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы, «Егіндікөл экспресс-кредит» ШНҰ директоры.