• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2016

Йеменде лаңкестік әрекеттен 42 адам қаза тапты

373 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_48955" align="aligncenter" width="560"] Фото: 24.kz[/caption] Йеменнің оңтүстігіндегі Эль-Мукалла қаласында лаңкестердің шабуылынан қаза тапқандар саны 42 адамға жетті. РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Ирак пен Левант содырлары экстремистік әрекетті өз мойындарына алған. Ал осыған дейін 38 адамның опат болып, 24 тұрғынның түрлі деңгейде жарақат алғаны хабарланған. Reuters агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, бұл істі 8 жанкешті ұйымдастырған. Беліне байланған жарылғыш заттарын көпшілік ортасында іске қосып жарып жіберген. Жергілікті билік өкілдері қаланың төрт ауданына бес рет шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Аян ӘБДУӘЛИ.