• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Маусым, 2016

Түркия мен Ресей президенттері телефон арқылы сөйлесті

200 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_49136" align="aligncenter" width="560"] Фото: 163gorod.ru[/caption] Владимир Путин мен Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған Ресей бастамасымен телефон арқылы сөйлесті. 24.kz-тің хабарлауынша, Ресей президенті алдымен Ыстанбұл әуежайында болған лаңкестік әрекетке қатысты көңіл айтты. Владимир Путин Түркия президентінің хабарламасы екі елдің қарым-қатынасының жаңғыруына жол ашқанына назар аударып, үкіметке сауда-экономикалық ынтымақтастықты қалыпқа келтіруді тапсыратынын мәлімдеді. Ресей туристерінің Түркияға саяхат жасауына қойылған шектеу алынып тасталады. Дегенмен, Түркия бұл ретте ресейліктердің қауіпсіздігіне байланысты қосымша шаралар ұйымдастыруы керек. Сонымен қатар, екі елдің басшылары жақын арада кездесу ұйымдастыратын болып келісті. Аян ӘБДУӘЛИ.