• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі

203 рет
көрсетілді

Қазақстан 2016 жылғы 28 маусымда Ыстанбұл қаласында орын алған террористік актіні қатаң айыптайды. Түркия үкіметіне және барлық бауырлас түрік халқына, осы зұлымдық әрекет құрбандарының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қазақстан терроризмнің кез келген көрінісіне қарсы ымырасыз күресті өзінің толық қолдайтынын растай отырып, терроризмге қар­сы кең ауқымды халықаралық коа­лиция (желі) құру арқылы осы ба­ғыттағы халықаралық әрекеттерді үйлестіруді барынша нығайтуға ша­қырады.