• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 13:13

SOS сигналы ажалдан арашалады: Алматы тауларында жартаста тұрып қалған азамат құтқарылды

20 рет
көрсетілді

Алматы тауларында 5 сағатқа созылған құтқару операциясы сәтті аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мыңжылқы» үстіртінен түсіп келе жатқан туристер тобы қараңғыда SOS белгісін байқап қалған. Арақашықтық тым алыс болғандықтан, көмек сұраған адамның айқайлаған дауысы естілмеген.

Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған 5 адамды шығарып алды

Құтқару қызметі және ТЖМ «Барыс» жасағы оқиға орнына жетіп, жартаста тұрып қалған адаммен байланыс орнатқан. Жас жігіт ешқандай дайындықсыз және жабдықсыз тік жартасқа шықпақ болған. Жотамен келе жатып, тайып кеткен, ал жылы киімдері салынған рюкзагі төмен ұшып кеткен. Ол спорттық костюммен және шағын фонарымен ғана тар белдеуде қалып қойған. 

Қарағандыда құтқарушылар терезе алдында отырған баланы аман алып қалды

ТЖМ мәліметінше, құтқару операциясы 5 сағатқа созылған. Жас жігіт ауыр жарақат алмаған, сондықтан оған медициналық көмек қажет болмады.

Қазақстан ТМД-да алғашқы: Құтқарушылардың бірыңғай ведомствоаралық радиожелісі іске қосылды

Соңғы жаңалықтар