• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
05 Ақпан, 2011

ПАРЛАМЕНТ «Егемен Қазақстанның» арнаулы беті

1011 рет
көрсетілді

Қазақстан Парламентіне – 15 жыл

ЕЛІМІЗ ЗАҢ ШЫҒАРУ ОРГАНЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Тұңғыш Президенттің есімімен тығыз байланысты

Еліміздің тәуелсіздігі жылдарында Қазақстан парламентаризмі уақыт сынынан сүрінбей өтті. Жаңа үлгідегі Парламенттің қалыптасуы, оның қоғамдағы рөлі мен беделінің нығая түсуі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Конституциямызда атап көр­сетілгендей, республикада мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық пен мемлекет аты­нан билік жүргізуге ел Прези­дентінің, сондай-ақ өзінің конс­титуциялық өкілеттігі шегінде Парламенттің құқығы бар. Негізгі принциптер: ол – қо­ғам­дық татулық, саяси тұрақты­лық, халықтың игілігін көздейтін эконо­микалық даму, қазақстандық патриотизм, еліміздегі аса ма­ңыз­ды мәсе­лелерді демокра­тия­лық әдіс­­термен, оның ішінде рес­пуб­ли­калық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу. Парламент – еліміздің заң шы­ғару қызметін жүзеге асыра­тын республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламенттің ұйымдас­тырылуы мен қызметі, оның де­путат­тарының құқықтық жағдайы «Қазақстан Республикасының Пар­­ламенті және оның депутаттары­ның мәртебесі туралы» Заңмен белгіленген. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі палата, яғни Сенат жә­не Мәжілістен тұрады. Қазақстан Республикасы аза­мат­тығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақ­ты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Парламент республиканың бү­кіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заң­дары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды. Қазақстандық парламен­та­ризм­нің тарихы сонау ғасырлар қой­науы­на кетеді. Заң шығарудың бұл заманауи үрдісі еркін әрі тәуел­сіз Қазақстан Республика­сын­да ғана өзінің шынайы өр­кенді өрісін тауып отыр. Депутаттары тұрақты негізде қызмет атқарған елдің алғашқы кәсіби Парламенті – он үшінші сайланған Жоғарғы Кеңес, ол 1994 жылғы сәуірден бастап 1995 жылғы наурыз аралығында жұ­мыс істеді. Бұл органға депу­тат­тардың сайлануы республикада көп партиялықтың қалыптасуына ықпал етті. Қазақстанның тари­хында алғаш рет саяси партиялар мен қозғалыстар биліктің нақты тетіктеріне қол жеткізіп, мемлекеттік бағдарламаларды қалып­тас­тыру мен қабылдауға ықпал ету мүмкіндігін иеленді. 1995 жылғы 30 тамыздағы референдум қорытындылары бо­йынша Қазақстан Респуб­лика­сы­ның жаңа Конституциясы қабыл­данды, ол Парламентті Сенат пен Мәжілістен тұратын ең жоғарғы орган ретінде айқындап берді. Бірінші сайланған Парламент 1996 – 1999 жылдар аралығында жұмыс істеді. Осы мерзім ішінде өтпелі кезеңнің күрделі жағдай­ларында экономикалық, әлеумет­тік және саяси проблемаларды шешуді қамтамасыз еткен аса маңызды заңдар қабылданды. Парламенттің екінші сайланы­мының жұмысы 1999 – 2004 жыл­дар аралығын қамтиды, бұл ретте 1999 жылы ел Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес Мә­жіліске сайлау алғаш рет аралас жүйе бойынша өткізілді, ол пар­тияларға барабар өкілдік ету негі­зінде партиялық тізімдер бойын­ша сайлану құқығын берді. Сай­лауға он саяси партия қатысты. Үшінші сайланған Парламент 2004 – 2007 жылдар аралығында жұмыс істеді. Үшінші сайланған Парламент Мәжілісіне сайлау 2004 жылғы қыркүйекте өтті, оған 12 саяси партия қатысты, оның төртеуі екі сайлау блогы­ның құрамында болды. 2007 жылы Конституцияға енгізілген өзгерістер еліміздің саяси жүйесін реформалаудың жаңа кезеңі ретінде көрінді. Қазақстан Парламентінің рөлі мен функ­циясы өзгерді. Президенттік бас­қару нысанынан президенттік-парламенттік басқару нысанына ауысуға демократиялық қадам жасалды. Конституциядағы көптеген жа­ңа­лықтар Парламент Мәжілісін заң шығару қызметінің жаңа дең­гейіне көтерді. Осылайша Мәжі­лістің бір партиялы палата бол­мауына мүмкіндік берді. Үкімет, Парламент депутат­тары және Президент бастамашы болған заң жобаларын Мәжіліс бірінші болып талқылайды. Заң жобаларын талқылауға қоғам өкіл­дері, тәуелсіз сарапшылар тар­тылады. Парламент Мәжілісі жа­нында Қоғамдық палата жұмыс істейді. Оның жұмысы Мәжілістің заң шығару қызметіне сараптама жасап, кеңес беріп, көмектеседі. Бұған қоса, қоғамдық құрылым­дардан және үкіметтік емес ұйым­дардан, сондай-ақ ғылыми бірлестіктерден тұратын Палата мүше­лері әзірлеген қорытындылар мен ұсыныстар заң шығару қызме­тінде пайдаланылады. Төртінші сайланған Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесімін. Бұл комитетте негізінен халықаралық ма­ңы­зы зор құжаттар талқылаудан өтеді және палатаның қарауына ұсынылады. Үшінші сессияда (2009 жылдың 1 қыркүйегінен 2010 жылдың маусымына дейін) 47 заң жобасы қабылданып, ол заңдарға Қазақстан Президенті қол қойып, күшіне енді. Ал төртінші сессия барысында, яғни 2010 жылдың 1 қыркүйегінен 2011 жылдың 21 қаңтарына дейінгі аралықта Елбасы Парламент қабылдаған 26 заңға қол қойды.

Наталья ГЕЛЛЕРТ, Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі.

* * *

ІЗДЕНІС ІЗДЕРІ КӘСІБИ АРМИЯ –

тек қару мен әскери техниканы жетілдіру ғана емес

Жақында Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков басшылық ететін Қорғаныс ведомствосы жетекшілерінің Қорғаныс және қауіпсіздік жө­ніндегі халықаралық қатынастар комитетінің төрағасы Әмзебек Жол­шы­беков бастаған Парламент Мәжілісі депутаттарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Әділбек Жақсыбеков депутаттарды Қазақ­стан Республикасы Қарулы Күш­терінің даму барысымен таныс­ты­рып, еліміздің парламентарийлерімен мұндай кездесулер өткізу жағымды дәстүрге айналған­ды­ғын тілге тиек етті. Қорғаныс ведомствосының бас­­­­шылығы комитет депутат­тары­­мен бі­рі­гіп, Қарулы Күш­тер­дің жауын­­гер­лік әзірлігін көтеру­ге байла­ныс­ты және әскери қыз­мет пен әскери қызметшілерді әлеу­меттік қамтама­сыз ету туралы заңды жетілдіру жө­нін­дегі бір­қатар мәсе­лелерді қарас­тырып, талқылады. Қорғаныс ведомствосының бас­шысы өз сөзінде заманауи армия құру – бұл тек техника мен қару-жа­рақты же­тілдіру ғана емес, ол бірінші кезекте кәсіби армияның негізі – әскери ма­ман­дардың жаңа толқы­нын тәрбие­леу, кадр қуатын жетілдірудің ажыра­мас бөлігі сана­латын ә­с­кери қызмет­тің беделін арт­тыру, сонымен бірге, әс­кери қыз­мет­шілердің әлеу­мет­тік мәр­тебесін кө­теру екендігін атап көрсетті. Қорғаныс ведомствосының бас­­шы­лығы мен Мәжіліс депутаттары кез­десуге қорытынды жасай оты­рып, Қазақстан армиясын одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспарлы ша­ра­ларды жүзеге асыру сапалы өз­геріс­терге қол жеткізетіндігін жә­не ел Президенті – Қарулы Күш­тер­дің Жоғарғы Бас қолбас­шы­сының Қару­лы Күштердің жауын­герлік әзір­лігін арттыру талап­тарын орын­дауға мүмкіндік беретіндігін атады. Оксана ПАРПУРА. Суретті түсірген Ермек САРБАСОВ.

_______________________________________________

Талқылау тағылымы

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ МӘСЕЛЕЛЕРІНЕ АРНАЛДЫ

Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңес «Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі: қазіргі жай-күйі және дамуы» деген тақырыпта отырыс өткізді, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Отырыста Парламент Мәжі­лісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің төрайымы Айткүл Самақова сөз сөйледі. Басқосуға палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайы­мы Динар Нөкетаева қатысты. Парламент Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Әлеуметтік кеңестің мүшесі Ольга Киколенко пікір білдірді. Жинақтаушы зейнетақы жүйе­сі 1998 жылы реформаланып, жұмы­сын бастаған. Соның нәти­жесінде Қазақстанда зейнетақы­лық үш жүйе қалыптасты. Біріншісі – 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі толық ынтымақтастық жү­йеге енген зейнеткерлер, екіншісі – 1998 жылдың 1 қаңтарынан зейнетке шыққан аралас жүйеге енгізілген зейнеткерлер, үшіншісі – 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі бол­маған жинақтаушы жүйеге жата­тын зейнеткерлер. Енді әрбір жұ­мыскер өз келешегіне өзі зейнет­ақы жинайды. Зей­нетақысының көлемі де сол жи­наған қаржысына байланысты бол­мақшы. Елімізде 1,6 миллион зейнеткер зейнетақы алып отыр. Қазақстандағы зейнет­ақымен қам­­та­­масыз ету туралы заңға қырық­тан астам түзету енгізілген. Бүгін­д­е 13 жинақтаушы зейнетақы қоры бар. Отырыста аталған мәселеге байланысты Қаржы нарығын жә­не қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі төр­айымының орынбасары Мұрат Байсынов «Қа­зақстан Республикасының жи­нақтаушы зейнетақы жүйесінің қазіргі жай-күйі» туралы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Әсел Нүсіпова «Қазақстан Республикасының жи­нақтаушы зейнетақы жүйесін да­мыту» деген тақырыптарда баяндама жасады. Сондай-ақ отырыста «Мемлекеттік аннуитет компаниясы» өмір­ді сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Нұржан Әлі­мұхамбетов «Мемлекеттік аннуитет компаниясы мысалында зейнет­ақы және аннуитеттік сақтандыру мәселелері мен перспективалары» және «Мемлекеттік аннуитет ком­паниясы» өмірді сақтандыру ком­паниясы» АҚ тұсаукесерін өткізді. Отырысқа шақырылған атал­ған проблемаға мүдделі министрліктер, ведомстволар жинақтау­шы зейнетақы жүйесінің қазіргі жай-күйі және дамуы туралы ой­ларын ортаға салып, оларды шешу жолдарын талқылады. Бас­қосу қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

* * *

Іскерлік іссапарлары

ИСЛАМ ИДЕЯЛАРЫН ІЛГЕРІЛЕТУ ЖОЛЫНДА

Ислам Конференциясы Ұйымына мүше мемлекеттер Парламенттік одағы Кеңесі­нің 13-сессиясында және жақында Абу Дабиде (Біріккен Араб Әмірліктері) болған кон­ференцияның 2-ші кезектен тыс сес­сия­сында парламентаралық үнқатысуды одан әрі дамыту, исламнан үрейлену көрініс­терімен кү­ресті күшейтудегі ынтымақтас­тық, өрке­ниетті ис­лам­ның идеяларын ілгерілету мәсе­лелері талқыланды. Форум жұмы­сына Қазақ­стан Парламентінің депутаттары Орынбай Рахманбердиев пен Азамат Тұр­сынов қатысты. Конференция аясында Қазақстан парламентшілері БАӘ Федералды Ұлттық жи­на­лысының төр­ағасы Абдул Азиз әл-Гу­рейрбен кездесті, онда ха­лық­аралық арена­дағы Қазақ­станның маңызды рөлі атап өтілді және біздің еліміздің Ислам Конферен­циясы Ұйымына табысты төрағалық ететініне сенім білдірілді. Кездесу барысында Қазақстан Парламенті­нің депутаттары биылғы маусымда Астанада жетінші Әлемдік экономикалық ислам фо­румы өтетіні туралы БАӘ Федералды Ұлттық жиналысы басшысын хабардар етті. Алдағы форум Ислам Конференциясы Ұйы­мына қаты­су­шы мемлекеттердің та­бысты ынты­мақтас­тығын дамытуға жаңа серпін беретін болады. Кездесуге қатысушылар парламент­ара­лық бай­­ланыстар маңызды бағыты болып табы­латын екі­жақ­ты қатынастарды дамытуға және ны­ғай­туға әзір­лігін білдірді. Атап айт­қанда, ҚР Парламенті мен БАӘ Федералды Ұлттық жиналысы­ның биыл­ғы жылы делегация сапар­ларын алма­суын ұйым­дас­тыру туралы келісімдерге қол жеткізілді, деп ха­барлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

* * *

Әттеген-ай!

БАЛАЛАР КӨЗАЙЫМЫН КӨП КӨРГЕНІ МЕ?

«Нұр Отан» халықтық-демокра­тиялық партиясының облыстық фи­лиалы ұсынған кестеге сәйкес, 2010 жылғы желтоқсанда Қараған­ды об­лысының сайлаушыларымен кездесуім барысында «Жол карта­сы» бағдарламасы шеңберінде жөн­деу­ден өткізілген қалалық Балалар мен жасөспірімдер сарайына бардым. Ұжыммен кездесу кезінде ұстаз­дар қалалық әкімдіктің шешімі бо­йынша балалар мен жасөспірімдер мектебіне берілген Балалар мен жас­­өспірімдер сарайының спорт залына қатысты даулы мәселені шешуге кө­мек көрсету туралы өтініш білдірді. Ұстаздардың айтуынша, осы шешім сарайдың ұстаздар ұжымының келісімінсіз қабылданған және бү­гін­гі күні сарай және спорт мектебі ұжым­дарының арасында даулы жағ­дай қа­лыптасқан. Балалар мен жас­өспірім­дер мектебінде спортпен балалар емес, үлкендер айналысады екен. Сарай үйірмелерінде айналы­сатын ба­лалардың ақының қымбат­ты­ғына бай­­ланысты спорт залына баруға мүм­кіндіктері жоқтығы да айтылды. Сондай-ақ, спорт мектебі­нің басшы­лығы сараймен қабырғасы ортақ сауна сал­ған, ол сарай қабыр­ғаларының ылғал­дануы­на әкеліп соқ­тыруда кө­рі­неді. Және де ұс­таз­дар қауымы спорт мектебінің бас­шылығы және келушілер тара­пынан дөрекілікке ұрынуда екен. Жоғарыда айтылғандарға байла­ныс­ты Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов осы даулы мәселені оң шешіп береді деп сенеміз. Майра АЙСИНА, Мәжіліс депутаты.