• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
01 Шілде, 2016

Сомалиде лаңкестік шабуылдардан 30 адам қаза тапты

387 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_49494" align="aligncenter" width="560"] Фото: ru.sputniknewslv.com[/caption] Сомали астанасы Могадишо қаласына таяу жерде лаңкестердің ұйымдастырған шабуылынан 18 адам қаза тапты. 24.kz-тің хабарлауынша, жолаушылар мінген автобустың күлі көкке ұшқан. Полиция қызметкерлері олардың арасынан ешкімнің аман қалмағанын айтты. Мәліметтерге сәйкес, көлік ішінде бейбіт тұрғындар болған. Ал жарылысты кімнің ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Бұл күні Камерунның солтүстігінде тағы бір оқыс оқиға орын алды. Жанкешті көпшілік жиналған жерде өзін-өзі жарып жіберген. Салдарынан 9 адам қаза тапты. Мемлекеттің ішкі істер министрі «Боко Харам» содырлары жасады деген болжам жасады Айта кетейік, аталған лаңкестік ұйым 2009 жылдан бері экстремистік шабуылдарын жасап келеді. Бүгінге дейін олардың қанды әрекеттерінен 20 мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза тауып, ондаған мыңы зардап шеккен. «Боко Харам» негізінен Нигерияның солтүстігінде, Камерун және Чад елдерінде террорлық істерін жүзеге асырады. Аян ӘБДУӘЛИ.