Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің
2015 жылғы 29 желтоқсан №828 Астана қаласы
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің
2015 жылғы 14 желтоқсан №717 Астана қаласы
БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҒЫ
«Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланушы қондырғыларын пайдалануды жүзеге асыратын объектілерге арналған тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 76 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 ақпандағы № 37 бірлескен бұйрығының күшін жою туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес бұйырамыз:
1. «Электр станцияларының, электр және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарын, сондай-ақ тұтынушылардың электр және жылу пайдаланушы қондырғыларын пайдалануды жүзеге асыратын объектілер үшін тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 76 және Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің міндетін атқарушынын 2010 жылғы 15 ақпандағы № 37 бірлескен бұйрығының (ҚР нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6069 болып тіркелген, 2010 жылғы 17 наурыздағы № 39 (1661) «Заң газеті» газетінде жарияланған) күші жойылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
___________ Е.ДОСАЕВ
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
___________ В.ШКОЛЬНИК