• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2016

Ақпарат құралдары ел мүддесін көздесін

305 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Д.Абаев таяуда құрылған ми­нис­трлік қызметінің  бүгінге дейін­гі нәтижелері мен алдағы кезеңге ар­налған жоспарлары туралы баян­дады. Мемлекет басшысы отандық бұ­­қаралық ақпарат құралдары қыз­метінің сапасын арттыру қажет­тігіне назар аударды. – Министрлік дәл осы мақ­сат­пен құрылды. Барлық әлемдік, соның ішінде ресейлік БАҚ-тар өз елінің азаматтарының патриоттық сезімін арттыруға, дер кезінде ақпарат ұсыну және барлық мәсе­леге уақтылы үн қату арқылы сырт­тан келетін ақпараттық шабуыл­дарға қалқан бола отырып, іш­кі саяси тыныштықты сақ­тауға көмектеседі. Қажет болған жағдайда халықаралық тәжірибені енгізіп, осындай жұмыстар атқа­ру керек. Бұқаралық ақпарат құ­рал­­дары – орасан күш, бұл, әсі­ресе, көптеген қатері бар интернет кеңіс­тікке қатысты, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті қазіргі кезде мемлекет елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қабылдап жатқанын, оны халыққа тиісті түрде жеткізу қажеттігін айтты. – Барлық БАҚ меншік фор­масына қарамастан, өз халқы­ның мүддесі үшін жұмыс істеуге тиіс. Бұл ретте мемлекеттік тапсырыс аясында берілетін қаражаттың қа­таң есебін жүргізу қажет. Бұл мә­селені заң деңгейінде реттеу қа­жет болса, солай істеу керек, – деді Мемлекет басшысы. Д.Абаев ұйымдастырушылық жұмыстары тұрғысынан минис­тр­ліктің қалыптасу кезеңі аяқтал­ғанын, жүктелген міндеттерді орындауға дайын екенін мәлімдеді. Бұл міндеттер бәсекеге қабілетті ақпараттық кеңістікті дамытуға және түрлі саладағы мемлекеттік саясатты ақпараттық қолдаудың тиімділігін жақсартуға, телекоммуникация саласындағы қызмет сапасы стандарттарын жетекші елдер дең­гейіне жеткізуге, электрондық үкіметті ашық әрі есеп беруші мемлекет қалыптастыру аясында одан әрі ілгерілетуге бағытталатын болады. Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша мем­ле­кеттік ақпараттық саясатты одан әрі ілгерілету, мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімді тетіктерін енгізу және телекоммуникациялық инфрақұрылымды жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.