• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2016

Бүкіл түркі жұрты үшін маңызды оқиға

520 рет
көрсетілді

Астана қаласында Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануына байланысты жиын өткізді. Іс-шараға түркі елдері дип­ломатиялық миссиялары­ның, атап айтқанда, Әзербайжан Республикасының, Моңғолия­ның, Түрік Республикасы­ның Қазақстандағы елшілік дип­ло­маттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, көрнекті ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері және журналистер қатысты. Басқосуды жүргізген академия басшысы Дархан Қыдырәлі Тәуелсіз Қазақстан өміріндегі тарихи оқиғаның маңы­зына тоқ­талды. «Бұл – Қазақстан Рес­публикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халықаралық аре­надағы биік беделінің көрінісі және Қазақ елінің тәуелсіздік алған 25 жыл ішіндегі бейбітсүйгіш бас­тамаларына берілген лайықты баға. Ядролық қарудан бас тарт­қан сарабдал саясат пен бітімгершілік қағидаларын бе­рік ұстанудың жемісі. Б­үгін­гі­дей алмағайып заманда Қазақ­станның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше бо­лып сайлануы әлемдегі тиімді ық­палдастыққа байланысты ізгі ұстанымдарды жалғасты­рып, жүзеге асыруға мүмкіндік бере­тініне сенімдіміз», – деді Д.Қыдырәлі. Жиынға қатысушылар Қазақ­станның осындай мәртебеге ие болуы көршілес аймақтар мен бүкіл түркі әлемі үшін маңызды оқиға екенін айтып, пайымды пікірлерін ортаға салды. «Егемен-ақпарат»
Соңғы жаңалықтар