• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2016

* Сырт көз – сыншы

182 рет
көрсетілді

Варшавада Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаевтың Польша Сенатының маршалы Станислав Карчевскимен кездесуі өтті. Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелері, сондай-ақ, парламентаралық үнқатысуды нығайтудың келешегі сөз болды. Қазақстан елшісі елдеріміз­дің тиісті құқықтық базасын қам­­тама­сыз ететін екі ел пар­ла­мент­ші­лері­нің ынтымақ­тас­тығын нығай­ту­дың маңыздылығын атап өтіп, сұхбаттасушысын Қазақ­станның әлеуметтік-экономикалық саясатымен және екіжақты ынты­мақ­тастықтың келешегімен, сон­дай-ақ, Мемлекет басшысының жаһандық және өңірлік бастамалары­мен таныс­­тыр­ды. Елші Сенат төрағасын 28-29 тамызда Астанада өтетін «Ядро­­­лық қарусыз әлем құру» ха­лық­­ар­а­лық конференция­сына шақырды. Өз кезегінде С.Карчевски осы жыл­­­дың мамыр айында өт­кен Қа­­зақстанға ресми сапары ба­ры­сында жылы қабыл­дауы үшін ел басшылығына шын жү­рек­тен алғысын білдір­ді. Польша Сена­тының спикері Қазақ­стан Пре­зиденті Нұрсұл­тан Назар­баевпен жеке кезде­суінен алған әсерлерімен бөлі­сіп, тағы да өз сапарын же­міс­ті ұйымдастырғаны үшін Қазақ­стан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-ЖомартТоқаевқа ризашылығын білдірді. Спикер Қазақстанда жүзе­ге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономи­ка­­­­лық реформа­ларды оң баға­лап, екі ел арасын­дағы екіжақ­ты ын­тымақтастықтың әле­уетін тілге тиек етті және Қа­зақ­стан­мен ын­ты­мақ­тастықты ны­ғайту бағы­тын­дағы жұмысын жал­ғас­тыруға ниетті екенін жеткізді. С.Карчевски кездесу соңында Қазақстан Президентін және бар­лық қазақстандықтарды еліміздің 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің құрамына сай­лануымен құттықтап, Қазақ­стан ЕАЭО кеңістігінде Польша­ның маңызды әріптесі болып табы­латынын атап өтті және екіжақ­ты, сондай-ақ, көпжақты ынтымақ­тас­тықтың барлық саласы бойынша байланыстарды одан әрі нығайтуға ерекше қызығушылық танытты. «Егемен-ақпарат»
Соңғы жаңалықтар