• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2016

Өнер мен әдебиет өкілдерінің пікірі

381 рет
көрсетілді

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: – Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің есігін ашып, бұл ұйымға мүше болу – Қазақ­стан­ның тәуелсіздігін нығайта түседі, қауіпсіздігін қамтамасыз етеді деген үміт бар. Қазақстан дербес мем­лекет ретінде халықаралық  мінберде әлемдік мәселелер бойынша өз тұ­жырымын білдіруге, өзге де өр­ке­ниетті дамыған елдермен пі­кір та­ластыруға, өз елінің мүдде­сін қор­ғауға мүмкіндік алады деп сенемін. Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы-драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері: – Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне уақытша мүше болуы тәуелсіз еліміз жеткен тарихи табыс. Халықаралық деңгейде Қазақ­стан­ның саяси ойыншыға айналуының дәлелі деп білемін. Бұл дәрежеге Қазақ­стан Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың арқасында қол жет­кізіп отыр. Елбасының қазақ пассио­нар­лығының символы екеніне тағы да көзіміз жетті. Дәрежан ӨМІРБАЕВ, кинорежиссер, кинотанушы, Қазақстанның «Құрмет», Францияның «Әдебиет және өнер» ордендерінің иегері: – Қазақстанның БҰҰ Қауіп­сіз­дік Кеңесіне мүше болып сай­лануы біздің барлығымыз үшін тәуелсіз еліміздің үлкен жетіс­тігі, мемлектіміздің ел болып қалып­тас­қандығының тағы бір белгісі болып табылады. Ме­нің ойымша, мұндай жетістікке же­туімізге өнер мен ғылым сала­сын­­дағы, соның ішінде – кино өнерін­дегі біздің фильм­деріміздің халық­аралық фестиваль­дардағы алған жүлделері де себепкер болды деп ойлаймын. Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, жазушы-драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері: – Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт­та бүкіл әлем таныған, мойындаған ең алдыңғы қатарлы мемлекет­тер­дің біріне айналды. Бұл Қа­зақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев­тың Мемлекет басшы­сы ретінде түн ұйқысын төрт бөліп, тынбай жүргізіп келе жатқан қа­жыр­лы еңбегінің нәтижесі екендігі анық. Міне, Елбасының осындай абырой­лы беделінің нәтижесіне елі­міз тағы бір аса маңызды тарихи жеңіске жетті. Қазақстан Рес­пуб­­ликасы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңе­сіне тұрақты емес мүше болып сай­лануы – соның айғағы. Осыған орай, алдағы уақытта Қазақ­стан бүкіл әлемдік деңгейде талқыға түсетін мәселелер жөнінде шешім қабыл­дауға нақты ықпал жасай алатын деңгейге көтеріліп отыр. Бұл Қазақ елі ғана емес, жалпы бүкіл Орта­лық Азия мемлекеттерінің тұн­ғыш рет қол жеткізген саяси жеңісі екендігі анық. АЛМАТЫ
Соңғы жаңалықтар