• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
02 Шілде, 2016

2016 жылғы Қазақстан Республикасының Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның хабарламасы

277 рет
көрсетілді

2016 жылғы Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сый­лығын беру жөніндегі комис­сия аталған сыйлықты алу үшін алдын ала іріктеуден өткен және кон­курс­тың келесі кезеңіне жібе­ріл­ген шы­ғар­малардың тізімін ұсынады: Әдебиет секциясы бойынша Авторлар ұжымы: Қасқа­басов Сейіт Асқарұлы, Қали­жанов Уәлихан Қалижан­ұлы, Әзі­баева Бақытжан Уәли­қызы, Әлі­беков Тоқтар Кесім­ұлы, Қо­санов Серікбай Қылыш­байұлы – «Ба­ба­лар сөзі» 100 томдық сериясы. М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты және Ха­лық­аралық «Қазақ тілі» қоғамы ұсынған. Нұржекеев Бексұлтан – «Ай, дүние-ай» романы. «Қазақстан Жазушылар ода­ғы» республикалық қоғамдық бір­лестігі ұсынған. Отарбаев Рахымжан Қасым­ғалиұлы – «Шың­ғыс хан­ның көз жасы» хикаят және әңгімелер жинағы. Атырау облысының әкімдігі ұсынған. Сариев Шөмішбай Нағашы­байұлы – «Поэзия падишасы – лирика» жыр жинағы. М.О.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер институты ұсын­ған. Ыбыраев Маралтай Райым­бекұлы – «Қаратау ғазалдары» жыр жинағы. «Жамбыл» әдеби-көпшілік, танымдық журналы ұсынған.  Музыка, театр және кино секциясы бойынша Авторлар ұжымы: Жолжақ­сынов Досхан Қалиұлы, Оди­наев Рустем Давлиятович, Иб­рагимов Рифкат Иман­кари­мович, Бектеміров Айдос Жұ­м­аділдәұлы, Салыкова Нур­сифат Рахимбаевна – «Құнан­бай» то­лық­метражды көркем фильмі. Қазақстан кинематографистер одағы мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұсынған. Авторлар ұжымы: Аширов Ахмет Аксупиевич, Шамиев Ялкуньжан, Именов Қахарман Ильжанович, Дараев Махмут Марипович, Давутов Фархаджан Хамитович – А.Ашировтың «Жалғыз жалбыз» драмасы. Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мем­ле­кеттік ұй­ғыр музыкалық комедия театры ұсынған. Урманчеев Тимур Акря­мович – «Времен связующая нить» қайырымдылық жобасы. Алматы қаласының әкімдігі және «Дегдар» Гуманитарлық қоры» корпорациялық қоры ұсынған. Бейнелеу өнері және сәулет секциясы бойынша Бинашев Тілеуберді Мел­деш­ұлы – «Ұлы Даланың мәң­гілік мүсіндері» топтамасынан алын­ған «Отан – отбасынан бас­талады» композициялық мүсіндер. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы ұсынған. Муллашев Камиль Валиах­медович – Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» шығармалар циклі. Астана қаласы Суретшілер одағы ұсынған. Комиссия бұл шығармаларды ашық талқылауға шығармашылық және қоғамдық ұйымдарды, мәде­ниет ұжымдарын, осы сала­ның мамандарын шақырады. Пікірлеріңізді осы жылдың 10 қыркүйегіне дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі», 15-кіреберіс, Қазақстан Респуб­ли­касы Мәдениет және спорт министрлігі. Тел.: 8 (7172) 740475
Соңғы жаңалықтар