Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қабылдау барысында компанияның қазіргі қызметінің мәселелері, теміржол саласындағы ауқымды инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлар талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев елдің экономикалық тұрғыдан дамуы үшін Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымы мен транзиттік әлеуетін одан әрі ұлғайтудың маңыздылығын айтты.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.