• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
03 Шілде, 2016

Германия Италияны жеңіп, жартылай финалға шықты

258 рет
көрсетілді

Францияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының 1/4 финалында Германия құрамасы Италияны ойыннан кейінгі пенальтиде ұтып, жартылай финалға шықты. Бордода ойналған кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталды. Онда екі командадан Месут Езил мен Леонардо Бонуччи гол соқты. Бұлардың соңғысы оны пенальтиден салды. Айта кетуіміз керек, немістер осы жолы Италияны өзінің тарихында бірінші рет ірі халықаралық турнирлерде ұтты. Ойыннан кейінгі пенальти сериясында қарсыластар 8 соққыдан жасады. Соның ақырында Германия басым түсті. Германия енді 7 шілде күні Франция және Исландия құрамаларының бірімен екінші жартылай финалдық ойында кездеседі. Германия – Италия – 1:1 (0:0, 1:1, 0:0). Пенальти – 6:5 2 шілде. Бордо. Matmut Atlantique стадионы. Төрешілер: Кошшои, Богнар, Ринг, Тот, Фаркаш (бәрі де – Венгрия). Германия: Нойер, Хеведес, Боатенг, Хуммельс, Киммих, Хедира (Швайнштайгер, 16), Кроос, Езил, Хектор, Мюллер, Гомес (Дракслер, 72). Италия: Буффон, Барцальи, Бонуччи, Кьеллини (Дзадза, 120+1), Флоренци (Дармиан, 86), Пароло, Стураро, Джаккерини, Де Шильо, Пелле, Эдер (Инсинье, 108). Голдар: Езил 65, Бонуччи 78 (пенальти). Ескертулер: Стураро, 56, Де Шильо, 57, Пароло, 59, Хуммельс, 90, Пелле, 91, Джаккерини, 103, Швайнштайгер, 112. Пенальти сериясы: Инсинье – 0:1, Кроос – 1:1, Дзадза – 1:1 (жаны), Мюллер – 1:1 (қақпашы), Барцальи – 1:2, Езил – 1:2 (баған), Пелле – 1:2 (жаны), Дракслер – 2:2, Бонуччи – 2:2 (қақпашы), Швайнштайгер – 2:2 (жаны), Джаккерини – 2:3, Хуммельс – 3:3, Пароло – 3:4, Киммих – 4:4, Де Шильо – 4:5, Боатенг – 5:5, Дармиан – 5:5 (қақпашы), Хектор – 6:5. Талғат РАЙЫМБЕК.
Соңғы жаңалықтар