• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
03 Шілде, 2016

Бүгін «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді

337 рет
көрсетілді

[caption id="attachment_49803" align="aligncenter" width="560"] ic24.kz[/caption] inform.kz-тің хабарлауынша, бүгін Астанада сағат 12:00-де республикалық «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесіне арналған «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Биылғы додаға еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан іріктелген 34 балуан бақ сынайды. «Қазақстан барысы 2016» турнирі ақтық сайысының қатысушылары: Айтуар Абдулов - Астана қаласы Айбол Айтбек - Жамбыл облысы Дулат Алпысов - Солтүстік Қазақстан облысы Алтынбек Аусағитов - Солтүстік Қазақстан облысы Бекзат Ахметбеков - Қарағанды облысы Руслан Әбдіразақов - Қызылорда облысы Талғат Әміренов - Әскер барысы Асыл Бәрменов - Қарағанды облысы Виктор Демьяненко - Алматы қаласы Еркебұлан Егінбаев - Павлодар облысы Еламан Ерғалиев - Қызылорда облысы Сержан Ерлан - Батыс Қазақстан облысы Жұманазар Ерсұлтанов - Оңтүстік Қазақстан облысы Дәулетхан Жақыпов - Жамбыл облысы Нұрдәулет Жарылғапов - Маңғыстау облысы Сұңғат Закарияев - Атырау облысы Ербол Игілік - Маңғыстау облысы Нұрсұлтан Иманғазин - Ақтөбе облысы Александр Касачёв - Алматы облысы Бауыржан Қабай - Алматы қаласы Абылайхан Қасымхан - Қостанай облысы Асхат Құсайынов - Шығыс Қазақстан облысы Кенжебек Күзембаев - Атырау облысы Самир Мәмедов - Павлодар облысы Нұрсұлтан Мыңғышов - Оңтүстік Қазақстан облысы Айбек Нұғымаров - Шығыс Қазақстан облысы Ерлан Омаров - Қостанай облысы Ұлан Рысқұл - Алматы облысы Айбат Сейтен - Астана қаласы Леонид Станеев - Ақмола облысы Олжас Сүлейменов - Батыс Қазақстан облысы Дархан Темірханов - Ақтөбе облысы Мереке Тұрашев - Ақмола облысы Бейбіт Ыстыбаев - «Қазақстан барысы 2012, 2015». Айта кетейік, 1-орын - 25 000 000 теңге, 2-орын - 5 500 000 теңге, 3-орын 1 800 000 теңге болады. Сонымен қоса, биыл турнир тарихында тұңғыш рет жеңімпаз ақшалай сыйлықтан басқа Астана қаласынан пәтер кілтін алады. Ақшалай жүлделер жеңіске жеткен балуандардың жаттықтырушыларына де беріледі. Талғат РАЙЫМБЕК.  
Соңғы жаңалықтар