• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
03 Шілде, 2016

Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы атанды (фото)

849 рет
көрсетілді

Астанада Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы-2016» республикалық турнирі өтті. Финалда  2012 және 2015 жылы «Қазақстан барысы» атағын иеленген Бейбіт Ыстыбаев пен бұған дейін жарыстың қола жүлдегері атанған Жұманазар Ерсұлтанов кездесті.  Белдесуде турнирдің екі дүркін жеңімпазы Ыстыбаев тағы да алтын тайтұяқты жеңіп алып, турнирдің үш дүркін жеңімпазы атанды.  Биылғы белдесуде  Жамбыл облысының тағы бір өкілі құрмет тұғырына көтерілді. Қола жүлдені Айбол Айтбек иеленді. «Қазақстан барысы-2016»  турнирінің жеңімпазы – Бейбіт Ыстабаевқа 25 млн. теңге, алтын тайтұяқ және Астанадан бір бөлмелі пәтер берілді. Екінші орын алған Жұманазар Ерсұлтановқа 5,5 млн.теңге, үшінші орын иегеріне 1,8 млн. теңге көлемінде сыйлық табыс етілді. Аян ӘБДУӘЛИ. Фото: Орынбай Балмұрат.  
Соңғы жаңалықтар